Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Мұздықтан егістікке»: Су қауіпсіздігі үшін 3,5 млрд долларлық бастама

«Мұздықтан егістікке»: Су қауіпсіздігі үшін 3,5 млрд долларлық бастама

|

|

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды: «COP30 аясында «Мұздықтардан егістікке» бағдарламасын жеделдетіп қолдау жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл құжатты Жасыл климаттық қор мен Азия даму банкі бекітті. Бағдарлама суды мұздықтардан алатын өзен алаптарында климаттық ғылымды дамту мен жоспарлау, және бейімделу шараларына біріктіруге бағытталған. Бағдарламаға Орталық және Батыс Азия аймағындағы 9 елмен бірге Қазақстан да қатысып жатыр».

 

Евразия24 пікірі:

Орталық және Батыс Азия өңіріндегі мұздықтардың жедел еруі мен су ресурстарының тапшылығы аясында Қазақстанды қоса алғанда, тоғыз ел қамтылған «Мұздықтан фермаға дейін» (G2F) бағдарламасының жеделдел жүзеге асырылуы экологиялық және экономикалық қауіптердің алдын алу үшін маңызды қадам саналады. Жобаның жалпы құны — 3,5 миллиард доллар. Бұл қаржы ғылыми зерттеулерге, сондай-ақ нақты экологиялық шараларға бағытталады.Атап айтқанда, Азия даму банкі мен Жасыл климат қоры арасындағы келісімге сәйкес, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан аумағындағы мұздықтардың еру қаупін бағалау көзделіп отыр. Осы бағалау нәтижелері «Мұздықтан фермаға дейін» бағдарламасының ғылыми-техникалық негізін құрайды.Бағдарлама аясында мұзды көлдерді мониторинг жасау жүйесін енгізу, сел қаупін азайту, «ақылды» суару технологияларын қолдану, климатқа төзімді ауыл шаруашылығы әдістерін дамыту, сондай-ақ Сырдария мен Әмудария өзендерінің бойында бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) арасында келісілген су бөлу механизмін енгізу жоспарланған.Бұл бастамалар өңірдегі суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, суды үнемдеу және жинақтау инфрақұрылымын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің алдын алуға бағытталған.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.