Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚайырымдылық атын жамылған қылмыс: 3,5 млрд теңгелік алаяқтыққа үкім шықты

Қайырымдылық атын жамылған қылмыс: 3,5 млрд теңгелік алаяқтыққа үкім шықты

|

|

KazTAG Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасай отырып, Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты үкімді хабарлады: «2025 жылғы 25 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты К. және А. есімді азаматтарға қатысты айыптау үкімін жариялады». Тергеу мәліметіне сәйкес, К. мен А.үш алаяқтық әрекеті үшін (ҚК 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ), сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру (ҚК 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ және 3-бөлім, 3-тармақ) бойынша айып тағылған. Аталған құқық бұзушылықтар алдын ала сөз байласқан адамдар тобы арқылы, бірнеше мәрте және аса ірі мөлшерде жасалған. К. және А. тарапынан жасалған қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 3,5 милллиард теңге көлемінде ақшалай қаражат заңсыз иемденілген.
Сот, қылмыстың сипаты мен келтірілген залалды негізге ала отырып, келесі жазаларды тағайындады: К.10 жылға бас бостандығынан айыру; А. жасын ескере отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру. Сотталушылар қайырымдылық қаражатын жинау саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды (бұл – заңда белгіленген ең ұзақ шектеу мерзімі).

Евразия24 пікірі:
Қылмыстық істер бойынша шығарылған мұндай қатаң үкімдер, көбінесе, жымқырылған қаражаттың көлеміне ғана емес, қоғамның қайырымдылық саласына және мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіргені үшін тағайындалады. Бұл екі сала – тікелей байланыспаса да, зардап шеккен азаматтардың санының көп болуы екеуіне де ортақ сипат. Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот процесі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Сот отырысы кезінде Перизаттың тәкаппарлық танытқаны байқалды. Алайда әлеуметтік желілерде жарияланған, қымбат көліктер мен әшекейлерге, элиталық тұрғын үйлер мен шетелдік сапарларға жұмсалған қаржы туралы деректер, қорғаушы тараптың дәлелдерін жоққа шығарды. Жиналған қайырымдылық қаражаттары тиісті алушыларға жеткен жағдайда, айыпталушыда мұндай мол қаражат қалмас еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Мәжілісі Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Мәжіліс коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарды салық салу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста екі оқылымда бірден қарап, «Қазақстан Республикасының Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) коммуналдық меншікке тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Қазақстанда қару иелеріне бақылау күшейтіледі

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста «Күзет қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Qarmet екі жыл ішінде болат өндіру көлемін 22%-ға арттырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургиялық комбинат Qarmet (бұрынғы ArcelorMittal Temirtau) директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады.