Евразия24СаясатҚазақстан – дауысы анық, сөзі салмақты ел

Қазақстан – дауысы анық, сөзі салмақты ел

|

|

Ақорда мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі БҰҰ-ның Түркіменстанда өтіп жатқан Үшінші конференциясында сөйлеген сөзінде былай деді: «Біз теңізге шығатын жолы жоқ қазіргі жағдайдан құрлық арқылы байланыс маңызды рөл атқаратын болашаққа қарай бет алудамыз. Біздің өңір әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақтылық танытып отыр және саяси ерік-жігердің, стратегиялық инвестициялардың және халықаралық серіктестіктің арқасында теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы өсудің қуатты қозғаушы күшіне айнала алатынын көрсетіп отыр. Біз Орталық Азияның сауда, инвестиция, көлік, байланыс және ресурстарды тұрақты басқару салаларында серпінді даму әлеуеті бар, өзара тиімді іс-қимыл аймағына айналғанының куәсі болып отырмыз. Екі күн бұрын Қазақстан БҰҰ-мен бірге Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл – бүкіл өңір үшін маңызды жетістік және Аваза іс-қимыл бағдарламасының асыл мақсаттарына толық сәйкес келеді. Қазақстан бастамасын қолдағаны үшін БҰҰ Бас хатшысына және Орталық Азиядағы барлық серіктестерімізге тағы да алғысымды білдіремін».

Евразия24 пікірі:

Соңғы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты беделді тұлғалар тарапынан оң пікірлер жиі айтылуда. Жуырда Алматыда өткен кездесуде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанды «әлемдегі парасаттылық дауысы» ретінде атап, елімізге шынайы таңданысын білдірді. Оңтүстік Калифорния университетінің мемлекеттік басқару ісі жөніндегі ардагер профессоры Честер Ньюланд та zakon.kz порталына берген сұхбатында:«Тоқаев автократиядан бас тартып, мемлекетті заң үстемдігі мен халық егемендігіне негізделген азаматтық мәдениетке жетелейді. Ол – Ағартушылық дәуіріндегі көшбасшылықтың дер кезінде келген және көрнекті үлгісі» деп жоғары бағасын берді. Бұл пікірлер кездейсоқ емес. Бұл – күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның «түйені түгімен жұтатын» жағдайдан сытылып шығып, бір мезгілде еуразиялық ықпалдастық пен Батыспен әріптестікті теңгерімді дамытуының нәтижесіне берілген парасатты бағалар. Бұл – нағыз жоғары деңгейдегі саяси шеберлік, оны мақтаныш етуге әбден лайық.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.