Евразия24Күнбе күнСарым – бастамашы, ал Тоқаев үнсіз: Қазақстан бітімгер бола ма?

Сарым – бастамашы, ал Тоқаев үнсіз: Қазақстан бітімгер бола ма?

|

|

Мәжіліс депутаты әрі саясаттанушы Айдос Сарым ресейлік RTVI арнасына берген сұхбатында Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеудегі ықтимал рөліне қатысты пікір білдірді: «Шын мәнінде, бұл – менің арманым. Қазақстан үшін бұл – ең жоғары деңгейдегі жетістік болар еді. Қан төгісті тоқтату… Бұл – еліміз үшін ғана емес, Мемлекет басшысының дипломатиялық мансабындағы үлкен белес болмақ. Барлық тараптарды Астанада бір үстелге жинап, бейбітшілік процесінің белсенді қатысушысы атану – бұл өте маңызды. Бейбіт келіссөздер үдерісі ұзаққа созылуы мүмкін. Кейбір форматтар тез нәтиже беруі ықтимал, ал кейбірі ондаған жылдарға созылуы ғажап емес. Мұндай тәжірибені көріп те жүрміз. Мәселен, Дональд Трамп аймаққа келмек ниетін білдірді. Қазақстан бейтарап әрі сенімді делдал ретінде танылған ел болғандықтан, неге мұндай миссияны өзімізге алмасқа? Тағы бір маңызды жайт: Қазақстан – Ресей президенті Владимир Путин үшін де, Трамп үшін де қолайлы мемлекет. Біз қауіпсіздік пен қажетті жағдайды толық қамтамасыз ете аламыз», – деді депутат.

Евразия24 пікірі:

Мемлекетаралық жанжалда делдал болу туралы бастаманы Қазақстан атынан Президент, Сыртқы істер министрі немесе сыртқы саясат бойынша кеңесші емес, Мәжіліс депутаты көтеруі – таңқаларлық жағдай. Айдос Сарымның ресейлік арнаға берген сұхбатындағы ойлары Қазақстанның сыртқы саясаттағы ресми ұстанымынан біршама алшақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бірнеше рет еліміздің бейтарап позициясын ашық мәлімдеген: Қазақстан екі тарапқа да бейбіт келіссөз жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын болғанымен, бұл рөлді міндеттеп немесе бастамашы болуға ұмтылмайды. Егер мемлекет басшысының шын мәнінде мұндай дипломатиялық миссияны өзіне алуға ниеті болғанда, ол бұл жайында 2022 жылдан бері ашық мәлімдейтін уақыты болды. Тоқаев – халықаралық дипломатияда тәжірибесі мол, салмақты саясаткер. Бұл ретте Сарымның мәлімдемесі елдің сыртқы саяси векторына сәйкес келмейді. Айта кетерлігі, бұл сұхбат Тоқаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысқан күнмен тұспа-тұс жарияланды. Мұндай сәйкестік кей сарапшылардың пікірінше, депутаттың бұл пікірі Президентті қандай да бір жауап беруге мәжбүрлеу не жанама түрде делдалдық рөлге тартуға тырысу іспетті көрінеді. Дегенмен, депутаттың ұсынысын бірқатар ақпарат құралдарының кеңінен таратып, мәселені қызу талқылауға салуы бұл идеяның ресми деңгейде қолдау тапқанын білдірмейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.