Евразия24ҚоғамҚазақ армиясында не болып жатыр? Жастар неге қорқады?

Қазақ армиясында не болып жатыр? Жастар неге қорқады?

|

|

КазТАГ ақпарат агенттігі Demoscope қоғамдық пікірді жедел зерттеу бюросы жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады. Зерттеу Қазақстан армасындағы жағдайға қатысты қоғам көзқарасын анықтауға бағытталған. Сауалнамаға қатысушылар еліміздің Қарулы күштеріндегі ең өзекті мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, респонденттердің 37,8%-ы әскердегі әлімжеттік пен бейресми қатынастардың жоғары деңгейін басты мәселе ретінде көрсетсе, 34,9%-ы — сыбайлас жемқорлықтың кең таралуын, 30,9%-ы — материалдық-техникалық базаның ескіруін маңызды мәселе деп бағалаған. Сарапшылардың пікірінше, әлімжеттік – азаматтардың әскери борышын өтеуге ынтасы мен дайындығына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін. Сауалнама барысында азаматтардан олардың жақын туысы (інісі немесе ұлы) армияға шақырту алса, оған қалай қарайтыны да сұралды. «Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің үштен бірі (31,9%) жақын туысының әскери қызметке шақырылуына алаңдаушылық білдірген. Атап айтқанда, 21,9% азаматтар туысын қолдайтынын, бірақ қатты уайымдайтынын айтқан. Тағы 6,5% әскери қызметтен заңды жолмен босату амалдарын іздейтінін жеткізсе, 2,9% бұл жағдайдан өзге де жолдармен айналып өтуге көмектесетінін мойындаған. Сонымен қатар, респонденттердің 40%-ы бұл жағдайға оң көзқарас танытып, туысының әскери қызметін толық қолдайтынын мәлімдеген. Ал 23,5% бұл — азаматтың жеке таңдауы деп есептеп, араласпайтындарын айтқан», – деп хабарлайды зерттеу авторлары. Зерттеушілер жастардың көзқарасын қарулы күштерге деген жалпы бағалауда ерекше назар аударуға тұрарлық деп есептейді. «Зерттеу көрсеткендей, 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың пікірлері орташа көрсеткіштен өзгеше. Мәселен, бұл жас санатында туысының әскери қызметіне сөзсіз қолдау білдіретіндердің үлесі 32,4% болса, жалпы көрсеткіш 41,3%-ды құрайды. Сондай-ақ жастар арасында келісімшарт негізіндегі армияға толық көшу қажеттігін қолдайтындар үлесі 44,7%-ды құрайды (жалпы – 36,7%). Бұған қоса, жастар әскердегі бейресми қарым-қатынас пен зорлық-зомбылық деңгейіне алаңдаушылық білдіретін негізгі топ ретінде де ерекшеленіп отыр – бұл көрсеткіш жастар арасында 40,6%, ал жалпы респонденттер арасында 33,6%», – делінген хабарламада.

Евразия24 пікірі:

Қазақстандықтардың Қарулы күштерге қатынасына арналған социологиялық зерттеу бұрыннан өзекті тақырып. Соңғы шақырылымдарда өңірлік қорғаныс бөлімшелері әскерге барудан жалтарғандарды іздеуге мәжбүр. Бұл – азаматтардың әскери қызметке өз еркімен баруға ынтасының төмендігін және әскери құрылымдарға деген сенім деңгейінің әлсіздігін көрсетеді. Бұл ретте Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдардың әскери қызмет жүйесін реформалау жөніндегі ресми есептері мұндай көрсеткіштерден кем түсіп отыр. Айта кету керек, мерзімді әскери қызмет жастар үшін жайлы орта болуы міндетті емес. Алайда бейбіт кезеңдегі әскер өмір мен өлім арасында таңдау жасайтын мекемеге де айналмауы тиіс. Әскери билет — азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру арқылы алынатын құжат болмауы керек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанның Салық кодексіне редакциялық және техникалық түзетулер енгізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Құжаттың мәтіні жұма күні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Қазақстанда пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті педагогтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға, сондай-ақ педагог мәртебесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы ілеспе заңға қол қойды.

Тоқаев: Қазақстан бауырлас Ресеймен достық қатынастарды жоғары бағалайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей күніне орай Ресей Президенті Владимир Путинді құттықтады. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.