Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖақсы оқу жеткіліксіз: студентке жаңа талап

Жақсы оқу жеткіліксіз: студентке жаңа талап

|

|

Қазақстанда «әлеуметтік балл» енгізу аясында кейбір студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл жөнінде KazTAG агенттігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жобаға сілтеме жасап хабарлайды. Бұйрық «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік қызмет қағидаларын бекіту туралы» деп аталады. Атап айтқанда, бұйрық жобасында былай делінген: «31-тармаққа сәйкес, білім беру гранты негізінде оқитын студенттің академиялық қарызы болған жағдайда, басқа жоғары оқу орнына ауысуына рұқсат берілмейді». Министрлік бұл өзгерісті «әлеуметтік балл» жүйесін енгізу шеңберінде ұсынып отыр. Құжатта көрсетілгендей, 40-тармаққа студенттің тек оқу үлгерімімен шектелмей, оның әлеуметтік, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын да ескеретін әділ әрі объективті бағалау жүйесін құру жөнінде норма енгізу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, 55-тармаққа жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысына қатысты нормаларды енгізу көзделуде. Аталған бұйрық жобасының негізгі мақсаты — студенттердің қоғамдық өмірге және волонтерлік қызметке қаншалықты белсенді араласқанын бағалау үшін әлеуметтік орташа балл жүйесін енгізу. Академиялық көрсеткіштермен қатар, студенттің әлеуметтік белсенділігі, зерттеу дағдылары, сондай-ақ аймақтық және республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы да ескерілетін болады, – делінген құжатта.

Евразия24 пікірі:

Міндет емес – мәжбүр. Қаламасаң да – қатысасың. Грантта оқитын студенттер үшін енгізілмекші болып отырған жаңа талаптар осыған ұқсас әсер қалдырады. Енді тек жақсы оқу жеткіліксіз — оларға «әлеуметтік балл» қойылады. Бұл баллды жинау үшін бос уақытында қоғамдық белсенділік танытып, шығармашылық пен волонтерлік қабілетін көрсету қажет болады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мұндай жүйені енгізудегі мақсаты – студенттер әлеуетін мемлекет мүддесіне сай бағыттау болса керек. Бұған дейін «нұротандық» кезеңде мемлекеттік университеттердің студенттері маңызды ресми шараларда «жаппай қатысушы» ретінде еріксіз жұмылдырылғаны есімізде. Енді бұл тәжірибе жаңаша форматта қайта жандануы мүмкін. Қазір заман басқа – студенттерді бұрынғыдай еріксіз жұмылдырып, күшін орынсыз пайдалану екіталай. Дегенмен, шынайы мотивациясы бар жастарды ешқандай талап тоқтата алмағаны белгілі. Бірақ сұрақ көп, жауап – жоқ. Мәселен, әлеуметтік белсенділігі төмен, бірақ үздік оқитын студенттер не болады? Олар дипломнан қағыла ма? Ал керісінше – қоғамдық іс-шаралардан қалмайтын, бірақ оқу үлгерімі төмен жастар ше? Бұл жүйе олар үшін де әділетті бола ма? Ең басты сұрақ – бұл механизм не үшін қажет? Нақты мақсат, тиімділік көрсеткіші, нәтижесі түсіндірілмей отыр. Қазіргі жағдайда студенттік ортаға қосымша қысым емес, керісінше, тең мүмкіндік пен шынайы қолдау қажет сияқты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.