Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖүк авиациясын дамыту бағдары

Жүк авиациясын дамыту бағдары

|

|

Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлауынша, елімізде отандық жүк авиакомпаниясын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Көлік министрлігі биылғы қазан айында алғашқы жүк ұшағын іске қосуды жоспарлап отыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында Қазақстанда ұлттық жүк авиакомпаниясын құру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Біз шетелдік әуе компанияларын Қазақстанға тарту үшін, соның ішінде транзиттік жүк рейстерінің санын көбейту мақсатында авиаотын бағасын барынша тартымды еттік. Мемлекет басшысы отандық жүк авиакомпаниясын құруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта бұл жоба іске асырылып жатыр. Биылғы қазан айында алғашқы жүк ұшағы Қазақстанға жеткізілуі тиіс. Көлік министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», – деді Олжас Бектенов.

Еуразия24 пікірі:

Билік дәліздерінен қандай да бір жаңа компанияның құрылатыны туралы ақпарат шыға қалса, бізде бірден когнитивті диссонанс пайда болады. Мемлекеттің экономикадағы өз үлесін азайту туралы айтып келе жатқанына 20 жылға жуықтады, бірақ қайсыбір саланың «бағы жанбай қалса» (тура және ауыспалы мағынасында), ол жерге міндетті түрде мемлекеттің өзі араласады. Сонда нарық бизнес үшін тартымсыз ба? Жеке капитал инвестиция құюға асықпай ма? Тәуекел жоғары, инфрақұрылым қымбат, ал өтелу мерзімі күрделі ме? Тамаша — ендеше мемлекеттік немесе мемлекетке қарасты құрылым құрудың нағыз уақыты келді деген сөз. Бул үрдіс экономиканың көптеген секторынан айқын көрініп отыр. Әуе тасымалын дамыту керек пе — мемлекет, логистика — мемлекет, дата-орталықтар — мемлекеттің қатысуымен, жасанды интеллект — мемлекеттік бағдарламалар арқылы, банктерді құтқару — мемлекет, ауыл шаруашылығын субсидиялау — тағы да мемлекет. Ал енді бұл тізімге жүк авиациясы қосылып жатыр. Қазіргі уақытта біздің нарықтық экономиканың қалыптасу және мемлекеттің уақытша қатысу кезеңінде тұрғанымызды немесе көз алдымызда жаңа тұрпаттағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сылбыр ғана қалыптасып жатқанын түсінудің өзі қиынға соғады. Авиациялық жүк тасымалы төңірегіндегі жағдай бұған толық дәлел бола алады. Егер бұл нарық шынымен де аса табысты әрі тартымды болса, Еуразияның қақ ортасындағы тиімді географиялық орналасуымызды пайдаланып, бизнес әлдеқашан өздігінен мықты ойыншыларды қалыптастырар еді. Алайда жеке сектор асығар емес — бәлкім, мемлекеттің тағы да «үміттің соңғы инвесторы» рөлін өз мойнына алуын күтіп отырған шығар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстандықтар елдің даму бағытына сенім білдірді

ҚСЗИ тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік зерттеуге 8 мың респондент қатысты. Бұл ауқымды таңдама болғандықтан, әлемдік өлшемдермен қарағанда сенім көрсеткіші өте жоғары деп айтуға болады.

ЮНЕСКО Қазақстан бастамасына қолдау білдірді

Астанада «Алтын Орда - дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Көптеген елдердің тарихшы ғалымдарының басын қосқан іс-шараны Мемлекет басшысы ашты.

Meta компаниясы 7 мың қызметкерін жасанды интеллект бағытындағы бөлімшелерге ауыстырады

Мәскеу. 19 мамыр. ИНТЕРФАКС – Америкалық Meta Platforms компаниясы...

Мұнай бағасы алдыңғы күнгі өсімнен кейін төмендеп жатыр, Brent барреліне 110 доллардан төмен бағалануда

Эталонды маркалы мұнай бағасы алдыңғы сессия қорытындысы бойынша байқалған қарқынды өсімнен кейін сейсенбі күні төмендеу үрдісін көрсетті.