Евразия24СаясатЖұмыс бар, жұмысшы жоқ: ауыл шаруашылығындағы мәселелер

Жұмыс бар, жұмысшы жоқ: ауыл шаруашылығындағы мәселелер

|

|

Ақорда хабарлайды: Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында кадр тапшылығы мәселесіне назар аударды. «Соңғы уақытта маған ауыл шаруашылығы өндірушілерінен жұмыс күші жетіспейтіні туралы көптеген өтініштер түсіп жатыр. Әсіресе бұл мәселе егіс науқаны мен орақ кезінде, өндірісті кеңейту және жаңа нысандар салу барысында өткір байқалады. Кадр жетіспеушілігі ішінара көрші елдерден келетін еңбек мигранттары арқылы өтелуде. Аграрлық сала өкілдері еңбек мигранттарына бөлінетін квотаны арттыруды сұрап отыр. Мұны, ең болмаса, ішінара қарастын шығар. Қалыптасқан жағдай бір-біріне қайшы пікірлерді көрсетіп отыр: біреулер ауылда жұмыс тапшы десе, енді біреулер жұмыс күшінің жетіспеушілігін алға тартады. Шын мәнінде, жұмыс бар. Бірақ ондай еңбекпен айналысуға ниетті адам аз. Мұны ашық айту қажет», — деді Мемлекет басшысы.

 

Евразия24 пікірі:

Президенттің әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелерге нақты назар аударып отырғаны — құптарлық қадам. Алайда мәселені мойындау — оның шешіміне бастайтын алғашқы ғана саты. Ал одан кейін жағдай көбіне өзгеріссіз қалады. Ұлттық статистика бюросы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласында номиналды және орташа айлық жалақының төмен деңгейде қалып отырғанын растап келеді. Бұдан төмен жалақы тек мәдениет саласы қызметкерлерінде тіркелген, бұл да аса қуанарлық көрсеткіш емес. 2015 жылдан 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 72 507 теңгеден 279 555 теңгеге дейін өсті. Яғни 285,3 пайызға артқан. Дегенмен осы кезеңдегі жиынтық инфляция 171,5 пайызды құрады. Иә, жалақы өсімі инфляция қарқынынан жоғары болғанымен, бағаның шарықтауы табыстың шынайы өсімін «жеп» қойып отыр. Бұл ауылдағы қарапайым азаматқа табысын жинауға немесе өзін дамытуға қаржы бөлуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда өмір сүру сапасын жақсы деуге келмейді. Ауыл шаруашылығындағы кадр тапшылығы неге орын алып отырғаны туралы енді сұрақ қоюдың өзі артық секілді. Саланы тек жалақы мен еңбек жағдайына аса талғаммен қарамайтын еңбек мигранттары ғана ішінара «алып» тұр. Тағы бір маңызды жайт: 279 555 теңге — бұл 2025 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы орташа айлық жалақы. Демек, біреулер бұдан көбірек алса, енді біреулер бұдан да аз алады. Ауылдық жерлерде шоғырланған жұмыс берушілердің басым бөлігі жалдамалы жұмыс күшіне орташа деңгейден жоғары ақы төлеп отыр деуге сену қиын.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кувейттің KPC компаниясы мұнай-химия нысандарына дрондармен жасалған шабуыл туралы хабарлады

Кувейттің мемлекеттік Kuwait Petroleum Corporation компаниясы мұнай өндіру және мұнай-химия нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл туралы мәлімдеді.

ОПЕК+ елдерінің бір тобы мамырда мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ келісімі аясында бұрын мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан сегіз мемлекет мамыр айында өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыру жөнінде ортақ ұстанымға келген.

АҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

АҚШ арнайы жасағы Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы барысында ирандық күштермен қақтығысқа түсті.

Израиль бір тәулікте Ирандағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, Израиль әуе күштері бір тәулік ішінде Иран аумағындағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы берген.