Евразия24СаясатАқылды банкинг дәуірі

Ақылды банкинг дәуірі

|

|

Prodengi порталы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы Елена Бахмутованың пікірін келтіріп былай деп жазды: «Елена Бахмутова McKinsey компаниясының «2025 жылға қарай ЖИ-дің даму барысы» атты шолуына назар аударғанын атап өтті. Бұл зерттеуге сәйкес, қаржы институттары жасанды интеллектті IT, маркетинг, тәуекелдерді басқару және комплаенс салаларына белсенді түрде енгізіп жатыр. Алайда стратегиялық басқару мен корпоративтік қаржыландыру бағыттарында бұл технологияны пайдалану әлі де шектеулі күйінде қалып отыр. «Жасанды интеллект кейбір банк операцияларындағы шығындарды 70%-ға дейін, ал жалпы операциялық шығындарды 15–20%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді ол. Сонымен қатар, сарапшы белгілі бір қауіптерге де назар аударды: халықтың жасанды интеллект-агенттерін жеке қаржыны оңтайландыру мақсатында кеңінен қолдануы банктердің табыстылығын төмендетуі мүмкін. Бұған қоса, технология тұтынушылардың, әсіресе жастардың, банктік қызметке деген көзқарасын өзгертуде — олар барынша ыңғайлы, үздіксіз әрі жекелендірілген қызметті талап етіп отыр. Елена Бахмутованың айтуынша, Қазақстан үшін басты мәселе — цифрлық инфрақұрылым, қаржы технологиялары саласының дамуы және Astana Hub сынды алаңдардың әлеуетін пайдалана отырып, экономиканың сапалы өсімі мен халықтың әл-ауқатын арттыратын жолды табу. «Бүгінде бәсекенің өлшемі ауқыммен емес, шешімнің дәлдігімен, бейімделу жылдамдығымен және клиент үшін құндылық жасай білу қабілетімен анықталады», — деп түйіндеді Қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы».

 

Евразия24 пікірі:

Егер жасанды интеллект банк шығындарын едәуір азайтатын болса, онда тұтынушы да соған сай нәтиже күтеді. Яғни қосымшалардың шапшаң жұмыс істеуі, қателіктің азаюы, қағазбастылықтың жойылуы, ал ең бастысы – қолжетімді қызмет түрлері. Бірақ банктер мұндай үнемді бірден клиентпен бөлісуге құлшынысы жоқ. Сондықтан қаржы ұйымдарының мүддесі мен тұтынушының күтімі көбіне қабыса бермейді. Жасанды интеллектке негізделген «ақылды кеңесшілер» енді тұтынушы үшін ең тиімді депозит, ең оңтайлы несие немесе сақтандыру шартын автоматты түрде таңдай алады. Бұл – клиент үшін артықшылық, ал банк үшін бұрынғыдай тұтынушыдан пайда табудың мүмкіндігі азая бермек.  Бұл ашықтық пен бәсекені күшейтеді. Сонымен қатар, тұтынушының талап деңгейі де өсіп келеді. Жас буын бәрі жылдам, автоматты түрде, түсіндіруді қажет етпей жүзеге асқанын қалайды. «Гипержекелендіру» дегеніміз — қосымшаның адамның өмір салты мен қаржылық әдеттерін түсініп, нақты қажеттілігіне сай шешім ұсынуы. Әрине, бұл ыңғайлы. Бірақ мұндай қызмет деңгейі банктердің клиент туралы жеке мәліметтерді тереңірек жинауын қажет етеді. Осы тұста мынадай сұрақ туындайды,  өз деректерінің құпиялылығына мән беретін азаматтар мұны қашан елеуі мүмкін? Әлде жайлылық бәрінен басым тұра ма? Қалай болғанда да, Қазақстандағы банк қызметтері енді жедел, технологиялық әрі жеке-бағдарлы сипат ала бастайды. Алайда табыс үшін күресте банктер тұтынушыға байқалмай, өз ережесін өзгертуден де тартынбауы мүмкін.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.