Евразия24ЖаңалықтарПутин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

|

|

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдерін көбірек тарту ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ресей президенті Владимир Путин БРИКС саммитінде осындай пікір білдірді.

«БРИКС-тегі пікірлес елдермен бірлесіп, БҰҰ қызметінің тиімділігін арттыруға әрі қарай да атсалысу қажет деп санаймыз. Бұл тұрғыда Қауіпсіздік кеңесінің құрамын кеңейтіп, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдігін арттыру маңызды», – деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, көпполярлы әлемнің қалыптасуы бірқатар кедергіге тап болып отыр. Ол мұны әлі де отаршылдық түсініктен арыла алмай, әлемді «гүлденген бақ» пен «жабайы джунглиге» бөліп қарайтын әрі өзгенің есебінен өмір сүруге үйренген күштердің қарсылығымен байланыстырды.

«Олар өзгеріп жатқан жағдайды қабылдауға дайын емес және күшейіп келе жатқан бәсекелестерін түрлі жолмен тежеуге тырысады. Бұл үшін тарифтік соғыстар, заңсыз санкциялар, экономикалық қысым мен бопсалау, өзге елдердің ішкі ісіне араласу, тіпті ашық күш қолдануға дейінгі амалдар пайдаланылып отыр», – деді ол.

Путиннің сөзінше, бұрыннан келе жатқан шиеленіс ошақтары қайта өршіп, жаңа қақтығыстар мен келіспеушіліктер туындап жатыр. Соның салдарынан халықаралық қатынастар жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылып, бірқатар көпжақты ұйымдар мен институттардың ықпалы әлсіреген.

Осыған байланысты Ресей БҰҰ-ның әлемдік саясаттағы негізгі орнын сақтап, оның рөлін күшейтуге айрықша мән береді.

«БҰҰ Жарғысы – халықаралық құқықтың басты негіздерінің бірі. Кейбір мемлекеттер оны кім және қалай жасағаны түсініксіз әлдебір ережелерге негізделген тәртіппен алмастыруға тырысып жатқанына қарамастан, оның маңызы өзгермейді», – деді Ресей президенті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.