Евразия24СаясатЖұмыссыздық деңгейі ресми көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін

Жұмыссыздық деңгейі ресми көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін

|

|

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «Жұмыссыз қалған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 285 мыңнан астам адамға төлемдер тағайындалды. Соның ішінде 240,5 мың азаматқа төлем дәл осы жылы берілді. Жалпы төлем көлемі 95 миллиард теңгені құрады».

 

Евразия24 пікірі:

Соңғы жылдары Қазақстандағы ресми тіркелген жұмыссыздар саны тұрақты түрде шамамен 450 мың адам деңгейінде қалып отыр (4,6–4,7%). Олардың тек 60–65%-ы ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын орта есеппен 81,5 мың теңге көлемінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады. Қалғандары не бұл төлемге жүгінбеген, не оған құқығы жоқ – себебі олар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудармаған. Halyk Finance сарапшылары 2025 жылғы ақпанда 2024 жылдың жұмыссыздық деректерін талдай отырып, мынадай тұжырым жасаған: «Әртүрлі зерттеулер нәтижесінже елдегі нақты жұмыссыздық деңгейі ресми көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін. Мәселен, Ұлттық банктің 2023 жылғы зерттеуіне сәйкес, уақытша жұмыспен қамтылғандар мен экономикалық тұрғыдан белсенді емес, бірақ шын мәнінде жұмыссыз халықты қоса есептегенде, Қазақстандағы баламалы жұмыссыздық деңгейі 7,2%-дан 8,3%-ға дейін өзгеруі ықтимал». Алайда ресми статистика жұмыссыздар қатарына тек осы мәртебеде тіркелген азаматтарды ғана енгізіп отыр.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...