Крамаренконың айтуынша, цифрлық құжаттарды, лицензиялар мен электрондық қолтаңбаларды өзара тану Одақ елдері арасындағы сауданы жеңілдетіп, тауар айналымының өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйелерін бірлесіп әзірлеу шығындарды азайтып, технологиялық ынтымақтастықты нығайтады.
Әсіресе, Байқоңыр ғарыш айлағы мен кеңестік кезеңнен мұра болып қалғантехникалық және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының сақталуы еліміздің ғарыш кеңістігіне қайта оралуын едәуір жеңілдетті.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан бизнес те, жаңа келетін инвесторлар да ауыл шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болатынын білмейді. Тыйымдар, шектеулер, субсидияларға қатысты түсініксіздік, несиелеу жүйесіндегі тұрақсыздық — мұның бәрі салаға сенім бермейді.