Евразия24Ұлы Жібек жолындағы ой-талқы

Ұлы Жібек жолындағы ой-талқы

Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ

1235-жылы Оқытай Ханның басшылығымен Құрылтай өтіп, онда Мәңгі Елдің Орыс Мәселесі бойынша іс-қимыл жоспары мен екі стратегиялық әскери операциядан тұратын Батыс Жорығы туралы тарихи шешім қабылданды. Батыс Жорығының бірінші бөлігі «Русьті құтқару операциясы» деп аталды. Қасиетті Рим империясының Русьті басып алуына жол бермес үшін, оның алдын орап, Русьтің барлық қала-мемлекеттерін аралап, жағдайды ұғындырып, дипломатиялық үгіт жүргізіп, Мәңгі Ел Федерациясының құрамына кіргізіп, келісімдерге қол қойдырып алу керек.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ

Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі. 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Сыртқы Барлау Қызметі жедеғабыл жинаған ақпарға сүйене отырып, Ұлттық Сауда Корпорациясы Жеңіс Хан мен Федерация Үкіметіне «Орыс нарығында жүн саудасын дамытудың келешегі туралы» деп аталатын жан-жақты талдау баяндамасын әзірледі. Сол талдаудан орыс нарығының жүн тұтыну тұрғысындағы сұраныс мөлшері Қытай, Орта Азия және Таяу Шығысты қосып алғандағы қазіргі сауда көлемінен кемінде 10 есе асып түсетіні айқын көрінді. Соған сәйкес, келешекте Мәңгі Елдің көшпенді халықтарының табыстары он есе ұлғаяды!