Евразия24Ұлы Жібек жолындағы ой-талқыБешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы

|

|

АТОМ БОМБАЛАРЫ 

Қазіргі Моңғолиядағылар Шыңғысхан деп атайтын Жеңіс Ханның қабірін әлемнің әр түкпірінен жиналған археологтар қанша жылдан бері іздеп әлек, бірақ, олар өз уақыты мен салық төлеушілердің ақшасын текке ысырап етіп жүр! Ол қабір енді жоқ, із-түссіз құрыған, қалай іздесең де, табылмайды! Еуропалық, американдық, жапондық ғалымдардың басына «Мүмкін ол Моңғолияда жерленбеген шығар» деген арам ой келетіні де бар. Конфуций айтқандай: «Қараңғы бөлмеде сұр мысықты іздеген қиын, ол онда жоқ болса, тіптен, бекер!». 

Бірақ, моңғол тарихшылары археологтарды былай деп жұбатады: 

— Күмәндарыңыз болмасын, Шыңғысханның ұлдары моңғол әкелерін басқа бір жақта емес,  анық біздің жерімізде, Моңғолияда жерлеген, оның өзі солай өтінген ғой, өйткені, осы жерде туған! Ал, сіздердің таба алмай жатқандарыңыздың себебі, Әлемді Тітіреткен Әміршінің қабірі өте мұқият жасырылған! Ол өзі былай болған ғой – оның ұлдары қызулықпен әкесінің қабірін қисапсыз қазынаға толтырған (оны басқа қайда жібереді?), бірақ, артынан «тонаушылар сұқтануы мүмкін» екенін кеш те болса, түсініп, бар тапқан ақылдары – жатқан жерін ешкім таба алмайтындай етіп тегістеп тастауға бұйырған! Содан кейін оның үстінен үйір-үйір жылқы айдап, сол маңды түгелдей таптатып, тіптен, білінбейтіндей ғып тастаған. Одан соң, Шыңғысханды жерлеуге келіп, оның көмілген жерін көрген туыстарын, сарай қызметкерлерін, үкімет мүшелерін, достарын, жай ғана бірге жұмыс істескен әріптестерін, қарауылдарды, музыканттарды – бәрін шетінен өлтірген. Одан қалса, Шыңғысханды жерлегендерді өлтіргендерді де, жылқышыларды да жылқылармен қоса өлтірген, ешкімді ұмытпаған! Сосын бәрін көміп тастаған, ал, ол көмгендерді де, өздеріңіз түсініп отырғандай, тірі қалдырған жоқ. Қысқасы, әрі қарай да солай жалғасып кете береді. Сондықтан, табу қиын, әрине, бірақ, мүмкін! Біздің осы Моңғолиямыздан іздестіре беріңіздер! Айтпақшы, виза ақысын, қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат ақысын, сол жерде экспедицияларыңызға көрсетілетін қызмет ақысын төлегендеріңізге рақмет!

Бұндайды естіген шетелдік археологтар, түк тындырмаған экспедицияларын үн-түнсіз жиыстырып, осындай оғаштау аңыз тарататын әңгүдік авторлардың елінен тезірек аулақ кетуге асығып, үйлеріне тайып тұрады!

Енді ше – ұлдарының өлген әкенің қабірін жермен-жексен еткені оны қорлағаны емес пе; жерлеуге келген жақын-жұрағат, туған-туысты өлтіргені ессіздік емей, немене?! Әйтпесе, Жеңіс ханға риза халқы оның Кесенесін өздерінің ұлттық мақтанышы, тауап етіп, жаппай табыну орны болар «Әлемді Тітіреткен Әміршінің Ғибадатханасы»-на айналдырмас па еді? Ендеше, бұл сандырақ ертегіні бір-ақ нәрсеге – Жер бетінде моңғолдардың саны неге аз екенін түсіндіру үшін ғана қолдануға болар.

Шыңғысхан есімінен басқа, Моңғолияның әлемдік деңгейде мақтан етер даңқты ешкімі жоқ, сондықтан, одан өлсе айырылмайды! Моңғол Халық Республикасында Ұлы Моңғол туралы ертегілерге негізделген туристік бизнес қарыштап дамып келеді, оның тот баспайтын болаттан қоқитып жасаған мүсінінің үлкендігі сонша, Нью-Йорктегі Бостандық Мүсіні оның қасында адыра қалады!

Шыңғысханның атын, оның ұрпағы болып шыққысы келетін адамдардың арманын пайдаланып, қаншама пысықай адамдар қырып ақша тауып отыр. Бүкіл дүние жүзінде мыңдаған адам сол үшін арнайы қан тапсырады, сосын небәрі 150 АҚШ долларына оларға атаулы (яғни, қан тапсырып, ақша төлеген адамның аты-жөні жазылған) Сертификат беріледі де, ол Сертификатта 90%-ға дейін жететін кепілдікпен салыстырмалы ДНҚ анализінің нәтижелері бойынша әлгі адамның анық Шыңғысханның ұрпағы болып табылатыны жазылады (айта кетері, бұндай анализ сот медицинасында, кемінде, 1200 доллар тұрады).

Қызық, өйтіп салыстыру үшін, олар Әлемді Тітіреткен Әміршінің өзінің ДНҚ үлгісін қайдан алды екен сонда?! Әлгіндей Сертификат иелерін ренжіткім келмейді, бірақ, «Генетикалық география» жобасы көрсеткендей, Жер бетіндегі аппақ еуропалықтан бастап, қап-қара африкалыққа дейінгі бүкіл адамдардың ДНҚ құрамы 99,9% сәйкеседі екен, ал, жуырда беделді ғылыми-көпшілік журналдан адамның ДНҚ-сы 90%-ға ішек таяқшасы бактерияларының ДНҚ-сымен сәйкесетінін оқыдым!

Қазіргі моңғолдар Шыңғысханның моңғол емес, басқа болып шығуына әсте жол бере алмайды, өйткені, өздерінің бүкіл әлемге жайған жүзжылдық өтірігі үшін масқара болғылары келмейтіні анық. Сондықтан, жақын-жуық арада «моңғол археологтары Моңғолияның көсілген кең даласынан ақ мәрмәр саркофаг тауып, қазып шығарып алыпты», оның бетінде, әлбетте, «бұрын беймәлім болған, бірақ, кілті табылып, сәтімен оқылған «көне моңғол» тілінде «Ұлы Моңғол Шыңғысханға Моңғол туыстарынан» деген жазу қашалып жазылыпты» деген «әлемдік сенсацияны» естісем, түк таңқалмаймын.

Саркофагтан шыққан ер адам сүйегінің ДНҚ-сы, әлбетте, жоқ жерден алынған Шыңғысханның ДНҚ үлгісімен 90% сәйкес болып шығады. Сосын оның қаңқасы бәлен жыл жер шарын айналып, әлемнің ең ірі астаналары мен ең атақты мұражайларына саяхат жасайды, ал, оның көрмесінен түскен қыруар қаржы Ұлы Моңғол туралы моңғол ертегілерін адамзат санасына сіңіретін тарихшылардың, әдебиетшілер мен киногерлердің қаламақысына жұмсалады.

Бірақ, бұрынғы, қазіргі және болашақ тарихты бұрмалаушылардың өтірігін шығаратын бір шындық бар. Орталық Қазақстандағы Жезқазған қаласына жақындау жерде Жеңіс Ханның үлкен ұлы Жолшы жерленген қабір басында Кесене тұр. «Л» әрпін ұнатпайтын қытай жылнамашылары оның атын Жошы, орыстар Джучи деп жазып, осы күйінде ол әлемдік, одан ресейлік тарихқа, ал, одан қайтып қазақ тарихына еніп кетті. Оқырманды алаң қылмау үшін, мен де Жолшыны сол көпшілік үйренгендей, Жошы деп атай беремін.

Баршаға белгілі, Жошы Хан 1227-жылы, Жеңіс Ханның өзі дүние салардан алты ай бұрын қайтыс болған. Қазақта «Ақсақ құлан – Жошы Хан» деген мұңлы күй бар, аңыздың айтуынша, жаралы құланды қуам деп, аттан құлап мертіккен үлкен ұлының қазасын Жеңіс Ханға жұрт сол күй арқылы естірткен. 

40 жыл мәпелеп, оқытып-тоқытып, талантты әскербасы, мемлекеттік қайраткер ғып өсірген тұла бойы тұңғышын жоғалтқан әкенің қайғысын елестетудің өзі өте қиын. Жошы Хан әкесінің істерін бірге атқарысқан сенімді серігі, оның идеяларын бар күш-жігерімен орындаушы және билігін ұстап қалар ең лайықты ізбасары болды. Зор үміт артып, мақтаныш ететін дәл осы ұлына Жеңіс Хан Федерацияның ең үлкен Орталық бөлігінің билігін сеніп тапсырып, Мәңгі Елдегі басты ұлттың барлық рулары мекендейтін сол аймақ «Жошы Ұлысы» атанды. 

Көшпенділердің ежелгі салты бойынша, тура бір жылдан кейін Жеңіс Хан сүйікті ұлына арнап үлкен ас беруі керек болатын, оған міндетті түрде Мәңгі Елдің сансыз көп хандары, сондай-ақ, көрші мемлекеттердің Басшылары мен барлық діни конфессиялардың Жетекшілері келіп, Әлемді Тітіреткен Әміршіге өз ауыздарымен көңіл айтуы тиіс.

Жошы Хан қайтыс болысымен, жер шалғай, жол ұзақ екені ескеріліп, алыс сапарға орай, шаруаларын алдын-ала жайғастырып, белгіленген күні баршасы бір кісідей кешікпей жетсін деген ниетпен, барлық мемлекет басшыларына астың қашан және қайда берілетіні күні бұрын хабарланып, сауын айтылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған қонақтар Жошы Ханның жатқан жеріне тауап етіп, дұға бағыштауы үшін, ас марқұмның моласына жақын маңда өткен.

Жошы Ханның асына дайындық кезінде ауқымды жұмыстар атқарылып, көп қаржы жұмсалды. Жиын өтетін жерге жеткізетін барлық жолдар жөнге келтіріліп, жүздеген делегациялар мен олардың керуендері нақты кесте бойынша кедергісіз жүріп, жол бойында түнеп, тамақтана алатынай етіп ыңғайластырылуы тиіс еді. Ас өтетін жерде бір уақытта бірнеше мың қонақ пен оларға қызмет қылатын мыңдаған қызметшілерді орналастырып, тамақтандыруға жағдай жасап, жегін аттары мен түйелерді тұрғызатын, азықтандыратын және суаратын орындарды ұйымдастыру қажет болды. 

Жиын кезіндегі күрделі, қым-қуыт көлік қатынасын реттеу Мәңгі Ел Әскеріне тапсырылып, алыс жорықтар кезінде мыңдаған қолды жүргізіп-тұрғызып, тылдағы қамтамасыздық жұмыстарын ұйымдастырып жүрген тәжірибесі мол мықты командирлер мен мықты бөлімшелер іске тартылды.

Мәдени бағдарламаға сай аламан бәйге (60 шақырымдық ат жарысы), көкпар ойынын өткізіп, ең мықты садақшылар, атақты палуандар, әртістер, әнші-күйшілердің өнерін көрсету үшін де көп дайындалып, уақыт пен қаражат жұмсау қажет еді. 

Салт бойынша, асқа дейін марқұмның басына кесене тұрғызу керек болатын. Көшпенділердің әдет-ғұрпына сай, оның қабырғаларына барлық Хандар өздерінің рулық таңбасын басты. Бұрын әр қазақ руының өз таңбасы, малшылардың малына салатын ені болған, сол айшықты белгі бойынша жануар иесі оңай танылған. Айтпақшы, Жошы Ханның Кесенесіне басылған таңбалардың бәрі тек қазақ руларына тиесілі, олардың арасында бірде-бір моңғол таңбасы жоқ. 

Сонымен қатар, әрине, дүйім ұлт болып аза тұтқан қаралы жылдың аяқталғанын білдіретін астан кейін  Құрылтай өткізіп, онда Жеңіс Хан қайтыс болған Жошы Ханның орнына тағайындалған Орталық Ұлыстың жаңа Билеушісін жариялауы тиіс еді.

Енді «Шыңғысхан Моңғолияда көз жұмған» делініп жүргеніне орай, мынандай сұрақ қояйықшы – 72 жастағы Жеңіс Хан, сол заманның өлшемімен алғанда, әбден қаусап, қайғыдан қан жұтып отырған қарт адам, әй-шәй жоқ, осыншалық ауқымды асқа дайындықты, оған қоса, Федерация үшін аса маңызды ұлттық Құрылтайды тастап, 3000 км қашықтағы Моңғолияға аяқ астынан тартып кетуі мүмкін бе еді?   

Жасы келген адам жүрдек аттармен күніне, ең көбі, 30 километр жылдамдықпен жүріп отырып, ары-бері жылдам барып-қайтпақ болды деген күннің өзінде, ол 200 күн немесе 7 ай бойы тоқтамастан шауып отыруы керек болған екен!  Бір күнде аттан түспей, 30 шақырым жер шалып көрген кез-келген адам бұның мүмкін емес екенін айтады! Әмбе, тағы қайталайын, Жеңіс хан Жошы ханнан кейін алты айдан соң дүние салған.

КСРО-да Жеңіс Хан тақырыбына қатаң тыйым салынғанына нұсқайтын тағы бір айғақ – 18 км әріректе тұрған Бату Хан (Шыңғыс Ханның немересі, әйгілі Батый хан) Кесенесі сияқты, Жошы Хан Кесенесінің де салыну мерзімін Кеңес Одағының ғалымдары жоғарыда аталған академиялық «Қазақстанның археологиялық қазбалары атласында»  көрсетпеген! Жер астынан қазып алынған «ерте заманғы көшпенділердің»  4000 жылдан астам тұрған қоныстарының жасы «Атласта» көрсетіледі де, 13-ғасырда салынған жер бетіндегі Кесенелердікі көрсетілмейді!

Бату Ханның Кесенесі Атласта «Алаша хан кесенесі» деп аталады (Алаша Хан, Сайын Хан – халықтың Батуға берген есімдері). Бәлкім, онда жерленген адамның атын өзгерту арқылы қазақтар Алтын Орданың негізін қалаған бабамыздың қабірін Мәскеудің талқандауынан сақтап қалған шығар? Мысалы, дәл осылай кезінде қазақтар Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің көсемі Кенесарының жауынгерлерінің моласын сақтап қалу үшін, орыс генерал-губернаторына ол жерде «тырысқақтан өлгендер жерленген» деп, өтірік айтқан. 

Азып-тозған Ресей Империясының орнына, 80%-ы түркі халықтарының территорияларынан тұратын КСРО-ны құраған кезде, Сталин ғалымдардың, жазушылардың, киноматографистер мен мектеп мұғалімдерінің көмегімен ол халықтарды тарихи жадынан мүлдем айырып, Жеңіс Ханды кеңестік түркілерге еш туыстығы жоқ «моңғол» деп жариялады.  

Отарланған түркі халықтары өздерінің алып түркі мемлекеті болғанын ұмытпайынша, Сталин оларды біржола бағындыра алмасын білді. «Барлық замана, барлық халықтардың ұлы данышпаны» Сталин Жеңіс Ханның ұлылығымен салыстырғанда, өзінің пәсейіп қалатынына жол бере алмас еді. Сөйтіп, ол бүкіл түркі зиялыларын құртуға, ерекше бұлқынған еркіндіксүйгіш көшпелі қазақтардың жартысын атып я аштықпен қинап өлтіруге, шетелдік «түпдерек мәліметтің» орыс тіліндегі аудармаларын қайта жазып шығуға, түркі мәдениетінің күллі материалдық жәдігерлерін жойып, КСРО түркілеріне арнап, жалған мазмұнды тарих кітаптарын жазуға бұйрық берді.  Бірақ, бұл да оған аздық етті!

1945-жылы «кеңестік ядролық полигонды қайда орналастыру керек» деген сұрақ туындағанда, әскерилер мен ғалымдар Сталинге Сібірдегі адам баласы тұрмайтын, алыстағы Тайшет аймағын ұсынған болатын, ол жер полигонды көзден таса, құпия ұстауға ыңғайлы әрі радиациялық тұрғыдан қауіпсіз еді. Бірақ, Сталин жолдас Жеңіс Ханның қабірі қайда екенін өте жақсы білетін, сондықтан, темекі сасыған саусағымен картадағы Қазақстанның дәл сол нүктесін нұқып тұрып көрсетті.

Осылай, қазақтың ата қонысының қақ ортасында Семей ядролық полигоны пайда болды, ондағы жер бетіндегі, әуедегі және жер астындағы 468 сынақтан кейін Жеңіс Ханның қабірінен тозаң да қалмады. Сол сынақтар барысында, 1949–1989-жылдар аралығында, Семей ядролық полигонында 616 ядролық және термоядролық қондырғылар жарылды, олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 500 есе артық болды!

Міне, осындай елдес-жерлес бабасы Жеңіс Ханды қазақтардың жадынан жою үшін, ең жойқын әрі қорқынышты қаруды қолдану керек болыпты!

Бірақ, грузин Сталин мен оның түркі емес, басқа ұлттардан тұратын ортасы көшпелі қазақтардың ежелгі ас беру салтынан бейхабар болатын, әйтпесе,  Жеңіс Ханның  қабірімен қоса, үлкен ұлы Жошы Ханның да қабірін күл-талқан етер еді. 

Бұл – Әлемді Тітіреткен Ұлы Әміршінің бейнесін сақтаған халық жадымен Үлкен күрестегі Үлкен қателік! Бірақ, сіз бен біз қазақтың әдет-ғұрпын жақсы білеміз, сондықтан, біз үшін Жошы Ханның қабірі – оның әкесінің де сол маңда, яғни, бертінге шейін Семей ядролық полигоны тұрған тұста қайтыс болып, жерленгендігінің дәлелі.

Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» кітабында аяусыз азаптау салдарынан есінен айырылған тұтқын бозбаланың мисыз биологиялық робот іспетті мәңгүртке айналып, азаптаушыларының мал-мүлкін күзетіп жүрген жерінде өзін іздеп тапқан анасын өлтіргені туралы тәмсілді келтіреді. Кеңес жазушысы Айтматов «Мәңгүрт туралы аңыз» арқылы КСРО-дағы түркілерге не істелгенін тұспалдап жазған. Тарихи ессіздік рухани құлдыққа душар етіп, Отан-ананы опат қылады!

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы» 

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары» 

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы» 

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

РИМ. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Сербия президенті Александр Вучич...

Тоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

АСТАНА. 11 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

Пхеньяндағы шеруде алыс қашықтыққа арналған жаңа зымыран көрсетілді

Гонконг. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда...

Газа секторындағы топтар анклавты басқаруға шетелдің араласуына қарсы

Мадрид. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Палестинаның ХАМАС, «Палестина ислам...