Ұлттық банк 2025 жылы желтоқсанда түрлі жас ерекшеліктері мен әлеуметтік топтарға жататын 1,5 мың респонденттің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы туралы сауалнама нәтижелерін жариялады. Бұл мәліметтер 2025 қаржы жылын қорытындылауға, халықтың елдегі баға динамикасына қалай әрекет еткенін және олардың отбасылық экономиканың жай-күйіне көзқарасы қалай өзгергенін саралауға мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда — халықтың көңіл-күйі алаңдаулы: өткен жылдың барлық 12 айында көпшіліктің экономикалық ахуалға деген сенімінен гөрі күдігі басым болды.
Қатарынан екінші рет бір ақпарат арнасының материалына және сол баяғы сарапшыларға сілтеме жасап отырғанымыз үшін оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз. Бұл ретте журналист Виталий Портниковтың кәсіби шеберлігі мен көзқарасын жеткізудегі әсерлілігі ерекше атап өтуге тұрарлық. Бұл жолы оған сұхбат беруші біліктілігі жоғар, әрі ол талқылауға терең талдау жасады.
Астана. 23 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2025 жыл Қазақстанның көлік саласы үшін жалпы алғанда тұрақты өтті. Ел Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық хаб әрі транзиттік...
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2026 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 11% болады деп болжап отыр. Бұл туралы Қазақстан бойынша ХВҚ миссиясының жетекшісі Әли әл-Эйд Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.