Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарДүниежүзілік банк Қазақстанға 6 млрд доллар несие бермек

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 6 млрд доллар несие бермек

|

|

КазТАГ хабарлауынша: «Стратегия жобасында айқындалған басымдықтар, соның ішінде көлік және цифрлық байланысты арттыру, климаттық күн тәртібін ілгерілету, су және энергетика секторларындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту, қаржы нарықтарын дамыту, жеке инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін кеңінен қолдану мәселелері Қазақстанның стратегиялық құжаттарына және әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. Дүниежүзілік банктің алты жыл бойы жыл сайын 1 млрд долларға дейін қаржы бөлуге дайын екендігі атап өтілді», — деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі. Бұл туралы вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Дүниежүзілік банк тобы өкілдерінің Қазақстанмен 2026-2031 жылдарға арналған жаңа Әріптестіктің негіздемелік стратегиясын қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесуінен кейін белгілі болды. Вице-премьердің айтуынша, 1 млрд доллар көлеміндегі қаражаттың бөлінуі жеке секторды нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша жағдай жасайды. Реформаларды аналитикалық тұрғыдан сүйемелдеу жұмыстары Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында жалғасады.

Еуразия24 пікірі:

Қазақстан тағы да қарызға батпақ. Жобалық тиімділікке негізделген жеңілдікті несиелеу шарттары қарызды тез қайтаруды талап етпесе де, бұл — бәрібір мойынға ілінген берешек. Мөлшерлемесі шартты түрде жылына 3-4% болған күннің өзінде, мұндай көлемдегі несиенің үстемеақысы — қарыздың негізгі сомасынан бөлек, жыл сайынғы ондаған миллион доллар шығын. Бюджеті тапшылыққа тіреліп отырған ел үшін бұл тым ауыр емес пе? Бұған екіұдай қарауға болады. Егер несиенің өзі мен оны өтеуге кететін барлық шығындар болашақта экономикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтаса, онда бұл тәуекелге тұрарлық қадам. Ал егер экономикалық нәтиже қарыз жүктемесінің өсімінен төмен болса, онда елді қарызға одан әрі батырудың қаншалықты қажеті бар екенін тағы бір ойланған жөн. Десе де, Қазақстанның Дүниежүзілік банкпен 2020-2025 жылдарға арналған бұрынғы Әріптестік стратегиясы аясында құны 4,2 млрд доллар болатын 14 жобаны сәтті жүзеге асырғанын ескерсек, бізде сырттан келген қаражатты босқа шашпай, оны игілікке жарату тәжірибесі бар. Мәселен, дәл осы Дүниежүзілік банктің қаражатымен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі салынды, «Алматы — Қорғас» автожолы қайта жаңартылып, суару және дренаж жүйелері заманауи үлгіде жаңғыртылды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Гросси Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Аракчимен техникалық талқылаудың аяқталғанын мәлімдеді

МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси дүйсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен өткен техникалық талқылау аяқталғанын мәлімдеді.

АҚШ пен Венгрия энергетика саласындағы, оның ішінде атом энергетикасындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан дүйсенбі күні Будапешт пен Вашингтон энергетика саласындағы, соның ішінде атом энергетикасы бағытындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді.

Тоқаев: жаңа Конституция бойынша референдумда қазақстандықтар ел тағдырына тікелей әсер ететін шешім қабылдайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихи өзгерістер қарсаңында тұрғанын мәлімдеп, 15 наурызда өтетін референдумда азаматтар жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауын жасайтынын еске салды.

Путин Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысатынын растады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.