Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарКҚК-ға шабуылдарды қолдағандарға қатысты тергеу басталды

КҚК-ға шабуылдарды қолдағандарға қатысты тергеу басталды

|

|

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов хабарлайды: «2025 жылы 18 желтоқсандағы депутаттық сауалыңызға жауап ретінде хабарлаймыз: 2025 жылы 17 желтоқсанда Астана қаласының Полиция департаменті азаматтардың Каспий құбыр консорциумының зақымдалуына қатысты айтқан жағымсыз пікірлері дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғаларды анықтау және олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинау шаралары қабылданды. Тергеу нәтижелері бойынша олардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар Бас прокуратура бұған дейін жалған ақпаратты және құқыққа қайшы контенті бар өзге де жарияланымдарды бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде ескерту жасаған баспасөз хабарламасын жариялаған болатын. Осындай түсіндіру жұмыстары азаматтармен жергілікті жерлерде прокурорлар тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Мәдениет және ақпарат министрлігі де өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде сіз көтерген мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде аталған ведомство сізді қосымша хабардар етеді».

 

Евразия24 пікірі:

2025 жылы 18 желтоқсанда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттарының Каспий құбыр консорциумына жасаған шабуылдарын ашық түрде құптап, қолдаған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұраған кезде, біз мемлекеттің бұған міндетті түрде жауап қататынын болжаған едік. Алайда осыншалықты жедел болатынын және депутаттық сауал жарияланған күні Астана қаласының полициясы қылмыстық іс тіркейтінін, әрине, күтпедік. Соған қарамастан, елорда полициясынан туған елдің маңызды экономикалық мәселесін мазақ еткен нақты тұлғалардың анықталғаны туралы әзірге ешқандай хабар жоқ. Дегенмен біз бұл іске қатысы бар адамдардың табылып, заң аясында жауапкершілікке тартылатынына сенеміз. Барлығы уақыт еншісінде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.