Евразия24Экономика«Күтіп отыра алмаймыз»: Қазақстан ЖЭО құрылысын өзі бастады

«Күтіп отыра алмаймыз»: Қазақстан ЖЭО құрылысын өзі бастады

|

|

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қазақстан Көкшетаудағы жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысын өз күшімен бастады. Бұл туралы Премьерминистр Олжас Бектенов Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан жеңілдетілген әрі кепілді қаржыландыру бойынша нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан Көкшетауда құрылыс жұмыстарын өз күшімізбен бастап кеттік. Бұл жобамен СамұрықЭнерго айналысып жатыр. Ал Семей мен Өскеменге қатысты да ресейлік тараптың жауабын күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды да өзіміз жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Біз күтіп отыра алмаймыз», деді Олжас Бектенов.

Премьерминистрдің айтуынша, мұндай жобаларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға мүмкіндік бар. Оның сөзінше, ЖЭО пайдалануға берілгеннен кейін табыс әкеліп, салынған инвестицияны өтейді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьерминистрі Олжас Бектенов еліміздің солтүстік өңірлерін газбен қамту мәселесі бойынша Ресей Федерациясымен кеңес жүргізіліп жатыр.

«Біз ресейлік әріптестерімізбен кеңес үдерісін жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда нақты мерзімдер немесе жобалар жөнінде айту ерте деп санаймын. Күтейік, әзірге белсенді келіссөздер мен кеңес жүргізілуде. Нәтиже шыққан жағдайда, бұл туралы ресми түрде хабарлаймыз», деді Үкімет басшысы ТАСС агенттігінің сұрағына жауап бере отырып. Ол келіссөздердің мазмұнына қатысты нақты ақпарат беруден тартынып, егжейтегжейін ашып айтпады.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Премьерминистрі Олжас Бектеновтің Ресеймен арадағы бірлескен жобалар үш қалада жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу және елдің солтүстік пен шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша айтқан сөздері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралды. Үкімет басшысының бұл бағыттағы мәлімдемелері прагматикалық тұрғыдан айтылғанына қарамастан, кейбір пікірлерде оларға саяси реңк беріліп отыр.

Анығында, Премьерминистр тек ел мүддесіне сай экономикалық мақсатміндеттерді атап өтті. Қазақстан тарапының бұл мәселеде сабырмен, салқынқанды ұстаным танытып отырғаны байқалады. Ел үкіметі Ресейде биылғы мамыр айында 14 жылу электр станциясын жаңғырту жобасының санкциялық шектеулер мен қажетті құралжабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты кейінге шегерілгенін жақсы біледі. Демек, мұндай тәуекелдер Қазақстанмен бірлескен жобаларда да болуы әбден мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс, қазіргі геосаяси жағдайда объективті шындық. Жеке бір елге бағытталған уәж емес.

Қазақстан өз энергетикалық әлеуетін өз бетінше дамытуға құқылы және оған сырттан ешкім кедергі жасай алмайды. Тек өз ішінде саяси ерік пен нақты қадамдар қажет. Мәселен, Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі бастама бұдан он үш жыл бұрын көтерілген. 2012 жылдың 1 наурызында Ақмола облысының солкездегі әкімі Қайрат Қожамжаров халықпен есептік кездесуінде өңірдегі электр энергиясының өзіндік құнын төмендетудің бір жолы ретінде Көкшетауда жылу электр орталығын салу ұсынылғанын және жобаға техникалықэкономикалық негіздеме әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінгенін мәлімдеген.

Егер сол кездегі Үкіметтер Кәрім Мәсімов пен Серік Ахметовтің кабинеттері бұл бастамаларды дер кезінде іске асырғанда, қазіргі таңда Қазақстан солтүстік көршінің техникалық мүмкіндіктерін күтіп отырмас еді.

Газдандыру мәселесінде де ұқсас жағдай байқалады. 2012 жылы Мемлекет басшысы болған Нұрсұлтан Назарбаев елдің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды Үкіметке тапсырған еді. Алайда бұл бастама күні бүгінге дейін толық жүзеге аспаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.

Сөз бостандығы және жауапкершілік: Конституция төңірегіндегі дау

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте жалған ақпарат пен дезинформацияға қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы жаңа Конституцияның жарияланған жобасына қатысты болды. «Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдеріне бұл бағыттағы жұмысты жандандыру міндеті жүктелді. Ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды», — делінген хабарламада.