Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЭкономиканың шынайы ахуалы: Fitch-тің астарлы бағасы

Экономиканың шынайы ахуалы: Fitch-тің астарлы бағасы

|

|

 

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 15 шілдеде халықаралық Fitch Ratings агенттігі Қазақстан Республикасының егемендік кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Болжам бойынша рейтинг алдағы уақытта өзгермейді.

Агенттік хабарлауынша, рейтингтің осы деңгейде сақталуына ықпал еткен негізгі факторлар қатарында Қазақстанның таза сыртқы активтерінің жоғары болуы, оның ішінде Ұлттық қордың валюталық активтері мен Ұлттықбанктің алтын-валюта резервтері, мемлекеттік қарыз деңгейінің төмендігі, бюджеттік саясатты біртіндеп оңтайландыру, қаржыландырудағы икемділік, экономиканың тұрақты өсу қарқыны мен геосаяси тәуекелдердің салыстырмалы түрде қалыпты болуы аталды.

Сондай-ақ, Теңіз кен орнын кеңейту (ТШО) есебінен мұнай өндіру көлемінің артуы мұнай бағасының төмендеуі салдарын айтарлықтай өтейтіні атап өтілді.

Евразия24 пікірі:

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі жариялаған есебінде АҚШ тарапынан енгізілген 25 пайыздық импорттық баж салығы Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді деген тұжырым жасалған. Себебі, АҚШ-тың Қазақстанның жалпы сыртқы сауда құрылымындағы үлесі мардымсыз.

Агенттік сонымен қатар ел үшін екінші ретті санкциялар қаупі төменекенін де атап өтеді. Бұл – нарықтық тұрақтылық үшін оң фактор.

Алайда Fitch-тің келесі пайымына назар аудармай өтуге болмайды: бюджеттік және квазибюджеттік қолдаудың жалғасуы есебінен ғана Қазақстанның өңдеуші емес секторлары экономикаға тұрақты үлес қосуда. Бұл пікір еліміздің шикізаттық емес секторларының шынайы жағдайын көрсетіп отыр.

Өндіріс пен қызмет көрсету салаларының мемлекеттік қолдаусыз бәсекеге қабілетсіздігі – бұл жағдайды реанимациядағы науқастың өмірін жасанды жолмен ұстап тұрумен салыстыруға болады. Яғни мемлекет экономикадан шеттегісі келсе де, оны өмірде қалдыру үшін белсенді араласуға мәжбүр.

Осылайша, қосымша құн қалыптастыру үдерісі бюджет пен мемлекеттің ерік-жігеріне тәуелді тұйық шеңбер қалыптасып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.