Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО азаматтарының Ресейде жұмыс істеу шарттары жеңілдейді: салық саясаты қайта қаралды

ЕАЭО азаматтарының Ресейде жұмыс істеу шарттары жеңілдейді: салық саясаты қайта қаралды

|

|

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі хабарлайды: Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты Ресей Федерациясында қолданыста болған жеке табыс салығына (ЖТС) 30 пайыздық жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды. Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес, ЖТС бойынша екі базалық мөлшерлеме белгіленген: 13%-дан 22%-ға дейінгі мөлшерлеме – салық резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға, ал 30% – резидент емес тұлғаларға қолданылады. Бұған дейін ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары Ресейде жалдамалы жұмысқа тұрған сәттен бастап 13% мөлшерлеме бойынша салық төлейтін. Алайда есепті жылдың соңында, егер олардың Ресей аумағында болу мерзімі 183 күннен аспаса және олар салық резиденті мәртебесін алмаса, салық сомасы 30% мөлшерлеме негізінде қайта есептелетін. Мұндай тәжірибе еңбек қызметін жүзеге асыруды қиындатып, артық төлемдерге әкеліп соқты және ЕАЭО туралы шартта бекітілген тең жағдайлар қағидатына қайшы болды. Ағымдағы жылдың маусым айында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Коллегиясы ЖТС-ты жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша қайта есептеуді тосқауыл ретінде танып, оны жою қажеттігі жөніндегі хабарламаны Ресей тарапына жолдады. 28 қарашада Ресей Федерациясында заң қабылданып, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтары үшін жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша Ресей азаматтарына қолданылатын мөлшерлемелермен бірдей салық тәртібі белгіленді. Енді ЕАЭО елдерінің азаматтары Ресейде еңбек қызметін атқарған жағдайда, олардың табысына 13%-дан 22%-ға дейінгі салық мөлшерлемесі қолданылатын болады, және жыл соңында салықты қайта есептеу жүргізілмейді. Жаңа нормалар 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасында жалдамалы қызметкерлер үшін ЖТС мөлшерлемесі 10%-ды құрайды және ол резиденттік мәртебесіне немесе елде болу ұзақтығына қарамастан, барлық жеке тұлғаларға бірдей қолданылады.

 

Евразия24 пікірі:

Бұл – сөзсіз жағымды жаңалық. Себебі аталған өзгерістер енгізілгенге дейін Ресей Федерациясында ЕАЭО елдері арасында резидент еместерге қолданылатын ең жоғары жеке табыс салығы (ЖТС) мөлшерлемесі болған. Енді бұл көрсеткіш 30% емес, 22% болып белгіленіп отыр. Бұл – Армениямен салыстырғанда 1%-ға ғана жоғары. Арменияда ЖТС біртұтас мөлшерлеме бойынша, яғни барлық азаматтарға бірдей қолданылады. Салық жүктемесінің деңгейі бойынша келесі орында Беларусь орналасқан – мұнда резиденттік мәртебесіне қарамастан, ЖТС мөлшерлемесі 13% деңгейінде. Ал Қазақстан мен Қырғызстан бұрынғыдай жалдамалы қызметкерлер үшін ең төменгі ЖТС мөлшерлемесі (10%) сақталған екі мемлекет болып қала береді. 30 пайыздық мөлшерлеменің жойылуы Ресейді, әсіресе жоғары жалақы төленетін салаларда, білікті мамандар үшін анағұрлым тартымды еңбек нарығына айналдырады. Бұл ретте, заңды түрде жұмыс істеудің маңыздылығы ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар, салықтық жүктеменің алдын ала белгілі болуы және жылдың соңында қосымша есептеулердің болмауы – еңбек миграциясы үшін болжамды әрі ыңғайлы орта қалыптастырып, ЕАЭО аясындағы ортақ қағидаттардың нығаюына жол ашады. Бұл – жұмыс күші қозғалысының еркіндігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Тегтер:

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.