Евразия24ЭкономикаNCOC жеңді: Қазақстан табиғатын кім қорғайды?

NCOC жеңді: Қазақстан табиғатын кім қорғайды?

|

|

Energy Monitor хабарлайды: «NCOC 2,3 трлн теңгеге (4,2 млрд доллар) экологиялық дауда жеңіске жетті. Апелляциялық соттың шешімі – күкіртті басқару бойынша NCOC компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибелерге толық сәйкес жүзеге асырылғанын растайды. Біз бұл шешімді құптаймыз», – делінген NCOC операторы мен серіктестерінің бірлескен мәлімдемесінде. Еске сала кетсек, Қазақстан Кашаган кен орнын игеруге қатысушы компанияларға 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салуға тырысқан болатын. Бұл сол кездегі бағам бойынша шамамен 5,1 млрд АҚШ долларына тең, ал қазіргі бағаммен есептегенде – 4,2 млрд доллар. Экокодекс бойынша: орналастыруға болмайды, бірақ сақтауға болады – деген түсініксіз жағдай қалыптасты. Ендігі үміт – басқа арбитраждық дауларда жеңіске жету…

Евразия24 пікірі:

2024 жылдан бері қаралып жатқан NCOC компаниясының Атырау облысының экология департаментіне қарсы шағымы бойынша іс шілде айының ортасында Жоғарғы сотта қайта қаралды. Бұл істе департамент 2022 жылы консорциумға 2,3 трлн теңге көлемінде экологиялық заңбұзушылықтар, оның ішінде 2022 жылға белгіленген 730 мың тонна күкіртті орналастыру шегінен асып кеткен 1 млн тонна күкіртті «орналастырғаны» үшін айып таққан болатын. Даудың негізгі мәні – Экологиялық кодекстегі «орналастыру» және «сақтау» терминдерінің түсініктерінде. Заңнамада шектеу тек «орналастыру» ұғымына ғана қатысты белгіленген. Ал NCOC компаниясы экология департаментімен соттасу барысында 2016–2021 жылдар аралығында жиналған күкірт көлемін «орналастырмағанын», тек «сақтағанын» дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде, Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы әкімшілік соттың экологиялық айыппұлды өндіріп алу туралы шешімін жойды. Energy Monitor арнасы бұған дейін Теңіздегі күкірт карталарының фото суреттерін жариялап, «Шарықтау шегінде күкірттің көлемі 9 млн тоннаға дейін жеткен. Егер ол кезеңде Экологиялық кодекстің қазіргі нормалары қолданылған болса, айыппұлдың сомасы «Болашақты кеңейту жобасы – Ұңғыма қысымын басқару жобасының» (ПБР-ПУУД) 47 млрд АҚШ долларына тең бюджетіндей болар еді«, – дегегн пікір білдірді. Қазіргі есеппен бюджет шығыны – 2,3 трлн теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.