Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚұзырет бар, еңбекақы жоқ: еңбек нарығындағы қайшылықтар

Құзырет бар, еңбекақы жоқ: еңбек нарығындағы қайшылықтар

|

|

Экономист Руслан Сұлтановтың пайымдауынша, Қазақстанның еңбек нарығы жаңа кезеңге қадам басты – енді формалды диплом мамандыққа жол ашатын басты құжат болудан қалып барады. Ranking.kz зерттеуінің нәтижелері көрсеткендей, жұмыс берушілер үміткерді бағалауда бұрынғыдай “қағазға” емес, нақты кәсіби дағды мен қабілетке көбірек мән береді. Қазір ең сұранысқа ие мамандар – цифрлық құралдарды еркін меңгерген, шет тілін білетін, деректерді талдай алатын және жобаны басқару дағдылары бар адамдар. Елде жұмыс орындары бар, алайда білікті кадрлар тапшылығы айқын сезіледі. Мұның айқын мысалы – ауыл шаруашылығы саласы. Бұл салада жобалау инженері орта есеппен 2,7 миллион теңге табыс табады, аналитиктің жалақысы 850 мың теңгеден асады, инженер-конструктор – шамамен 800 мың теңге, техник-технолог – 757 мың теңге, ал бас ветеринар дәрігердің орташа еңбекақысы 730 мың теңгеге жуық. Бүгінде табыс мөлшері саладан гөрі адамның жаңа білім мен технологияны игеруге дайындығына көбірек тәуелді. Қазақстан да, жалпы әлем де, еңбекақы төлеудің “лауазымға қарай” моделінен “қабілетіне қарай” ауысып келеді. Бұл жүйеде негізгі рөлді білім, тиімділік және тез бейімделу қабілеті атқарады.

Евразия24 пікірі:

Мүмкін, зерттеуде көрсетілген жалақылар басқа бір әлемде бар шығар, бірақ біздің күнделікті өмірімізде жағдай мүлде басқаша. Мысалы, электронды еңбек биржасы enbek.kz сайтындағы деректер мүлде өзгеше. Порталдағы мәлімет бойынша, Қарашығанақтағы жобалау инженерінің жалақасы – 250 мың теңге. Өндірістегі инженер-конструктор – 180 мың теңгеден бастап, ауыл шаруашылығындағы бас инженер – 200 мың теңге шамасында . Техник-технолог қызметіне 85 мың теңге , ал ветеринар дәрігер лауазымына шамамен 100 мың теңге ұсынылған. Демек, диплом бүгінде мүлде қажетсіз қағаз емес, әсіресе компания мемлекеттік тапсырысқа қатысу үшін қызметкерлерінің біліктілігін растауы керек болған жағдайда, ол міндетті талапқа айналады. Әрине, тәжірибе арқылы жинақталатын кәсіби құзыреттердің маңызы жоғары екенімен ешкім дауласпайды. Себебі технологиялар дамуы оқу бағдарламаларының өзгеру қарқынынан әлдеқайда жылдам. Алайда мәселенің екінші жағы бар – кәсіби тәжірибені жетілдіру үшін алдымен жұмысқа орналасу қажет. Ал жұмыс берушілер, әсіресе жоғары жалақы төленетін орындарда, тәжірибесі аз мамандарды қабылдамайды. Нәтижесінде мамандар айына 85 мың теңге көлеміндегі еңбекақымен тәжірибе жинауға мәжбүр. Мұндай жағдайда қызметкердің кәсіби дамуға деген ынтасы қаншалықты артады? Бұл – шын мәнінде күрделі мәселе.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.