Евразия24ЭкономикаСалық саясаты ұсақ бизнесті тұншықтырады

Салық саясаты ұсақ бизнесті тұншықтырады

|

|

Экономист Эльдар Шамсутдинов кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровтың әлеуметтік желідегі парақшасында: «Біздің елімізде шағын және орта бизнестің (ШОБ) функциясы салықтықтан гөрі әлеуметтік сипатта… Ал мемлекеттік бюджет негізінен ірі бизнес төлемдерінен қалыптасады», – деп жазған мәлімдемесіне өз пікірін білдірді.

“ШОБ-тың «әлеуметтік функциясы» және бюджеттің негізгі бөлігін ірі салық төлеушілер қамтамасыз етеді деген тұжырым тым қарапайым әрі ресми тұлғалар үшін қауіпті сипатта естіледі.”,-деді ол. Әлемдік тәжірибеде шағын және орта бизнес (ШОБ) — халықты жұмыспен қамтудың басты тетігі әрі жалпы ішкі өнімнің елеулі бөлігін қалыптастыратын негізгі күш. Егер бизнес-омбудсмен шағын және орта бизнестің экономикалық маңызын назардан тыс қалдырса, бұл өнімділікті арттыру, экспортты ұлғайту және экономиканы әртараптандыру бағытындағы басымдықтардың әлсіреуіне әкеледі. Мұндай жағдай мемлекеттік бюджеттің ірі компанияларға тәуелділігін күшейтіп, бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға қойылған стратегиялық мақсаттарға қайшы келеді. Нәтижесінде корпоративтік топтардың жаңа жеңілдіктерге қол жеткізуіне жол ашылады.

Евразия24 пікірі:

KazTAG агенттігі өз жарияланымында бизнес-омбудсменнің әлеуметтік желідегі көлемді жазбасын келтірген. «Президент (Ред.) менің шағын және орта бизнестің экономикалық көрсеткіштері жөніндегі көзқарасыма сәл таңданғандай болды. ШОБ-тыңқазіргі жағдайы: шамамен 2,3 млн субъект, 14 трлн теңге инвестиция, ЖІӨ-дегі үлесі – 40%, өндіріс көлемі – 82 трлн теңге және 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған». Ол өзге елдердегі үлес қандай және ШОБ ол жақта салық төлейме деп сұрады. Менің жауабымда бізде ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі орта есеппен қалыптасқан 60%-дан төмен екенін, дегенмен өткен жылдармен салыстырғанда биылға дейін ШОБ қарқынды өсіп келгенін атапөттім. Алайда жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін мұндай серпін қайталанбайтын шығар. Бәлкім, біз салықтық қысымды тым ерте күшейткен болармыз. ШОБ әлі де жедел өсуді жалғастыра алар еді, оның шегі қайдаекенін де айту қиын. Бұл жағдайда экономикалық өсім мемлекеттік бюджет есебінен емес, сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілер еді», – деп жазды Нуров. Қазақстандағы барлық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын негізгі тұлға үшін мұндай пікір айту айтарлықтай батыл қадам деуге болады. Өйткені Салық кодексі қабылданып, президенттің қол қоюымен заңды күшіне енген еді. Дегенмен бизнес-омбудсмен Қанат Нұровтың кең ауқымды монологындағы«ШОБ-тың әлеуметтік сипаты» жөніндегі бір ғана сөйлемге назар аудармай, тұтас көзқарасын бағамдасақ, ол шағын және орта бизнестің экономикалықрөлін төмендетпейді. Керісінше, оның «әлеуметтік сипатын» елдегі ойын ережелерінің жиі өзгеруіне байланысты бизнестің жеткілікті қорғалмауы тұрғысынан атап өткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси диалог бұрын-соңды болмаған жоғары қарқын алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Қазақстанда Ақтау мен Петропавл арасындағы әуе рейсін ашу мүмкіндігі қарастырылуда

Елдің авиациялық билігі Петропавл – Ақтау бағыты бойынша әуе рейсін іске қосу мүмкіндігін пысықтап жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауыранбаев мәлімдеді.

Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің экономиканың, қаржы жүйесінің жағдайы және жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады.

ЕО саммиті 18–19 желтоқсанда Украина мәселесін және Еуроодақтың бюджетін талқылайды

Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта 18–19 желтоқсанда өтетін Еуроодақ саммитінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айқындады, олардың қатарында Украина тақырыбы бар.