Евразия24Күнбе күнБаға қысқанда, ем қымбаттайды

Баға қысқанда, ем қымбаттайды

|

|

Inbusiness.kz хабарлағандай: «Тамыз айының басында Денсаулық сақтауминистрлігі ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығынаөзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады. Аталған құжаткепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардыңхалықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымдардыңтехникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекітуге қатысты. Бағалардықайта қарау терапиялық тобына қарамастан барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізіледі. Жобада 1100-ден астам атауқамтылған, оған вакциналар мен қан ұю факторларынан бастап, антибиотиктер мен ісікке қарсы препараттарға дейінгі дәрілер енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігі бағаны түзету дәрілік заттар мен медициналықбұйымдардың арзандауына әкеледі деп сенеді. «Енгізілетін өзгерістер бағабелгілеу жүйесін жетілдіруге бағытталған және өзекті референттік бағабелгілеу мен бағаларды тіркеу тетіктерін қолдануға негізделген. Бұлашықтық, бірізділік қағидаттарын сақтауға әрі қолжетімділікті арттыруғамүмкіндік береді», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Евразия24 пікірі:

2025 жылғы маусымда Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы ӘлиханСмайылов Мәжілісте дәрілік заттарға баға белгілеу жүйесіне жүргізілгенаудиттің қорытындыларын таныстырды. Ол бұл жүйе дәрі-дәрмек құныныңнегізділігін қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді. Нарықтағы үстеме бағалар172%-ға дейін, ал бюджет есебінен сатып алу кезінде 35%-ға дейін жеткеніанықталған болатын (https://lsm.kz/kosmicheskie-nacenki-i-hisheniya-audit-vyyavil-masshtabnye-narusheniya ). Жоғары аудиторлық палатаның төрағасыатап өткендей, Қазақстандағы дәрілік заттар ассортименті екі есеге жуыққысқарып, 968 атаудан 507-ге дейін төмендеген. Аудит қорытындысыбойынша мемлекеттік және нарықтық секторларда ең қымбат 15 препараттыңбағасы 600%-ға дейін айырмашылық көрсеткен. Енді Денсаулық сақтауминистрлігі мыңнан астам препаратқа шекті баға белгілейтін болады. Алайдабұйрық жобасындағы тұжырымдар бұл шараның тек кепілдендірілген тегінмедициналық көмек (ГОБМП) пен міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру (ОСМС) жүйесі аясында іске асырылатынын көрсетеді. Қазақстандықтардың барлығы бірдей бюджет есебінен сатып алынған тегіндәрілермен емделе бермейді. Көпшілігі дәрі-дәрмекті нарықта жұмысістейтін қарапайым дәріханалардан алады. Осы ретте бір сұрақ туындайды: дәрі-дермек жеткізушілердің жоғалтқан табысы тұтынушылардың мойнынаартылмай ма? Егер бұл болжам расталса, дәрі-дәрмектің құны алдағы ЖРВИ маусымы қарсаңында халық үшін одан әрі қымбаттауы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.