Евразия24СаясатТоқаевтың бастамасы: Ядролық тыйымнан жаһандық әділетке дейін

Тоқаевтың бастамасы: Ядролық тыйымнан жаһандық әділетке дейін

|

|

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірсайыс алаңындағы сөзін талдай келе, оның жаһандық ұйым жұмысына Қазақстанның алдағы қатысуына қатысты бірқатар маңызды бағыттарды атап өтеді. «Президенттің мәлімдемесінен елдің БҰҰ мен оның құрылымдарымен өзара іс-қимылды жалғастыру ниеті айқын аңғарылады. Атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігіне назар аударылды. Бұл тұрғыда Азия, Африка және Латын Америкасы сияқты өңірлерден орта деңгейлі державалар  қатарынан ірі мемлекеттердің Кеңес құрамына енгізіліп, кейін оларды ауыстыру ротация тәртібімен жүзеге асуы ұсынылды Екіншіден, БҰҰ Жарғысына өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл өзгерістер мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығының мызғымастығы қағидаттарын бәріне бірдей міндетті түрде сақтауын қамтамасыз етуге және халықаралық даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуге бағытталуы тиіс. Үшіншіден, ядролық қарусыздану және оны таратпау мәселелері бойынша БҰҰ мен оның тиісті құрылымдарының жұмысын күшейту қажеттігі айтылды. Төртіншіден, инвестициялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту – бұл Орталық Азияны қоса алғанда, әлемнің түрлі өңірлерінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды тетігі бола алады. Бесіншіден, Арал және Каспий теңіздерінің су ресурстарын сақтау және жалпыэкологиялық проблемаларды шешу ісіне халықаралық қоғамдастықтың қатысуын арттыру мәселесі көтерілді.

Евразия24 пікірі:

Бірқатар халықаралық сарапшылар Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы сөзін тарихи оқиға ретінде бағалады. Мәселен, ресейлік жазушы әрі тележүргізуші Леонид Млечин бұл тақырыпқа қатысты кең көлемде сұхбат беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасына жоғары баға берді. Осы ретте, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің 2025 жылғы тамыз айында Қазақстанға жасаған сапарында айтқан сөздерін еске түсіру орынды: «Мен үшін Қазақстан – даналықтың символы. Бұл ел – халықтар арасында көпір орнатып, бейбітшілікке дәнекер болып отырған мемлекет. Мұнда түрлі этностар мен дін өкілдері бір ортақ болашақ іздеуде бас қосатын орын. Мен Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқанын ешқашан ұмытпаймын. Дәл осы шешімнің арқасында ел әлемге бейбітшілік пен қарусыздану идеясын насихаттаушы ретінде танылды. Қазіргі таңда бұл қадам бұрынғыдан да маңызды. Қазақстан – ақыл мен парасатқа орын қалмай бара жатқан қазіргі әлемде сабыр мен даналықтың үнін жеткізіп отырған ел». Бұл – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің сөзі. Ол Қазақстанға қатарынан екі жыл келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үш мәрте жеке кездесу өткізді. Бұл – еліміздің БҰҰ аясындағы беделінің артып келе жатқанын білдіреді. 2025 жылдың тамызында БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған тұрақты даму мақсаты жөніндегі өңірлік орталықты Алматыда құру туралы арнайы қарар қабылдады. Бұл шешім де Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін айқындай түседі. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау және БҰҰ Жарғысына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары қалай қабылданары әзірге белгісіз. Алайда, егер Қазақстан даналықтың үні саналса, бұл бастамалар да назардан тыс қалмайды деген үміт бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.

Сөз бостандығы және жауапкершілік: Конституция төңірегіндегі дау

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте жалған ақпарат пен дезинформацияға қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы жаңа Конституцияның жарияланған жобасына қатысты болды. «Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдеріне бұл бағыттағы жұмысты жандандыру міндеті жүктелді. Ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды», — делінген хабарламада.