Евразия24ШетелдеВетоның құны: Словакия ЕО-ның санкциялар саясатына қарсы тұр

Ветоның құны: Словакия ЕО-ның санкциялар саясатына қарсы тұр

|

|

Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін қабылдауына Словакия вето қойды. Бұл жөнінде Deutsche Welle хабарлады.

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұл қадамды Еуро комиссияның2028 жылдың 1 қаңтарына дейін ресейлік газдан толық бас тартуға бағытталған RePowerEU бастамасымен байланыстырды. Фицо Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенге жолдаған ашық хатында Словакия «RePowerEU» жобасын ешқашан қолдамайтынын атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл бастама словакиялық халықтың тұрмысына және ел экономикасына ауыр соққы болып тиеді, әрі ЕО-ның жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін. Айта кетейік, RePowerEU жобасын қабылдау үшін ЕО елдерінің бір ауыздан келісімі талап етілмейді – қарапайым көпшілік дауысы жеткілікті. Осыған байланысты Роберт Фицо Ресейден газ жеткізуге қатысты 2027 жылдан кейін туындайтын қауіп-қатерлер жойылғанға дейін санкциялар пакеті бойынша дауыс беруді кейінге шегеруді ұсынатынын жеткізді.

Евразия24 пікірі:

Еуроодақтың Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакеті бойынша Словакияның ұстанымы – ел билігінің ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алатынын көрсетеді. Бұған дейін Словакия сыртқы істер министрі Юрай Бланар да санкциялар мәселесін энергетикалық қауіпсіздік кепілдіктері және ықтимал арбитраждық тәуекелдер үшін 20 млрд еуро көлемінде өтемақы төлеу арқылы шешуді ұсынған.

Айта кетейік, Словакияның «Газпроммен» жасалған газ жеткізу жөніндегі келісімі 2034 жылға дейін күшінде. Егер бұл келісім біржақты түрде бұзылса, заңдық салдарлар туындайтыны сөзсіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Ботсвана дипломатиялық қатынастар орнатты

Қазақстан мен Ботсвана екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.

Польша ұлттық дронға қарсы қорғаныс жүйесін іске қоспақ

Польша елдің әуе кеңістігін дрондардан төнетін қауіптен қорғау үшін ұлттық деңгейде дрондарға қарсы жүйе құруға кірісіп жатыр.

АҚШ Minuteman III құрлықаралық баллистикалық зымыранын жоспарлы түрде сынақтан өткізбек

АҚШ 5 қарашада (Мәскеу уақыты бойынша) жоспарлы тәртіпте әккіліктен босатылған межконтиненталды баллистикалық зымыран Minuteman III-тің сынақ ұшырылымын өткізу туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Ғаламдық соққы командасы хабарлады.

Ресей мен Қытай Арктика мәселелері бойынша, соның ішінде Солтүстік теңіз жолы аясындағы өзара іс-қимылды күшейтпек

есей мен Қытай Арктика мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтып, осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етпек.