Евразия24ШетелдеВетоның құны: Словакия ЕО-ның санкциялар саясатына қарсы тұр

Ветоның құны: Словакия ЕО-ның санкциялар саясатына қарсы тұр

|

|

Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін қабылдауына Словакия вето қойды. Бұл жөнінде Deutsche Welle хабарлады.

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұл қадамды Еуро комиссияның2028 жылдың 1 қаңтарына дейін ресейлік газдан толық бас тартуға бағытталған RePowerEU бастамасымен байланыстырды. Фицо Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенге жолдаған ашық хатында Словакия «RePowerEU» жобасын ешқашан қолдамайтынын атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл бастама словакиялық халықтың тұрмысына және ел экономикасына ауыр соққы болып тиеді, әрі ЕО-ның жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін. Айта кетейік, RePowerEU жобасын қабылдау үшін ЕО елдерінің бір ауыздан келісімі талап етілмейді – қарапайым көпшілік дауысы жеткілікті. Осыған байланысты Роберт Фицо Ресейден газ жеткізуге қатысты 2027 жылдан кейін туындайтын қауіп-қатерлер жойылғанға дейін санкциялар пакеті бойынша дауыс беруді кейінге шегеруді ұсынатынын жеткізді.

Евразия24 пікірі:

Еуроодақтың Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакеті бойынша Словакияның ұстанымы – ел билігінің ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алатынын көрсетеді. Бұған дейін Словакия сыртқы істер министрі Юрай Бланар да санкциялар мәселесін энергетикалық қауіпсіздік кепілдіктері және ықтимал арбитраждық тәуекелдер үшін 20 млрд еуро көлемінде өтемақы төлеу арқылы шешуді ұсынған.

Айта кетейік, Словакияның «Газпроммен» жасалған газ жеткізу жөніндегі келісімі 2034 жылға дейін күшінде. Егер бұл келісім біржақты түрде бұзылса, заңдық салдарлар туындайтыны сөзсіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына...

Путин БРИКС елдерін халықаралық экономикалық ұйымдардағы іс-қимылды үйлестіруге шақырды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БРИКС елдері Халықаралық валюта...

Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазындағы стратегиялық аралды басып алды

ВАШИНГТОН. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазының...