Евразия24ЭкономикаЖаңа Салық кодексі: Бизнес пен халыққа қосымша жүктеме

Жаңа Салық кодексі: Бизнес пен халыққа қосымша жүктеме

|

|

Данияр Ашимбаев пікірінше: «Жаңа Салық кодексінің экономикалық тиімділігі, экономиканы дамытуға бағытталған, бірақ мұнда бір мәселе бар. Кодекс тек қана мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға арналмақ, ал бұл бөліктің өзі сан түрлі тұжырымдама, доктрина, жоспар мен ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелерді орындауға жеткіліксіз. Сонымен қатар, алғашқы кезеңде – яғни даму бастамаларына – сапалы жоспарлау мен тиімді іске асыру жетіспейді, ал екіншісіне, яғни әлеуметтік салаға – жүйелі көзқарас керек. Мемлекет бизнестің экономиканы дамыта алмайтынына, ал халықтың жеке қаржысын басқаруға қабілетсіз екенін меңзейтін ұстаным байқалады. Сол себепті мемлекет бұл процестерді өз бетінше реттемек. Алайда қалыпты экономикалық логикаға сай ынталандыру мен реттеудің орнына, мемлекет қаржы ресурстарын тікелей алып, оларды өз ұйғарымы бойынша қайта бөлу жолын таңдаған. Жаңа салық заңнамасы осы бағытта әзірленген. Бұрын мемлекет Ұлттық қор мен қарыз ресурстарын пайдаланса, қазір бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты салықтық жүктеме халық пен бизнеске ауыстырылды, олар тариф өсімі мен баға ырықтандыруының қос қысымында қалып отыр».

Евразия24 пікрі:

Жаңа Салық кодексі әлі заңды күшіне енбегенімен, тұтыну нарығында баға өсімі байқала бастады. Инфляциялық көрсеткіштерді негізінен азық-түлік өнімдері мен ақылы қызметтер қалыптастыруда. Бұл – сұраныстағы негізгі санаттар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылғы маусым айында ақылы қызметтердің бағасы жылдық есеппен 16,1 пайызға өсті (мамырда – 16%). Азық-түлік тауарлары 10,6 пайызға (мамырда – 9,6%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 9,4 пайызға (мамырда – 9%) қымбаттаған.

Бұл көрсеткіштер нарық қатысушыларының жаңа салықтық талаптар күшіне енбей тұрып болашақтағы ықтимал шығындарды ескеріп, баға саясатын алдын ала қайта қарастырғанын аңғартады. Әсіресе инфляцияға барынша сезімтал секторлар бұл бағытта белсенді әрекет еткен.

Сарапшылар 2026 жылдың қаңтарына қарай баға тұрақталады деген болжамға күмәнмен қарайды. Мұндай болжамдар, керісінше, нарықта баға өсімінің жалғасуына себеп болуы мүмкін.

Тұрғындар үшін азық-түлік пен коммуналдық қызметтер өмірлік маңызы бар қажеттіліктер қатарында болғанымен, табысы төмен азаматтар тұтыну көлемін шектеуге, сондай-ақ коммуналдық төлемдер бойынша берешек жинауға мәжбүр болуы ықтимал. Бұл жағдай әлеуметтік тұрақтылыққа теріс әсер етуі мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.