Евразия24ЖаңалықтарАҚШ сенаторы Пауэллдің қызметінен кетуі туралы жалған ақпараты

АҚШ сенаторы Пауэллдің қызметінен кетуі туралы жалған ақпараты

|

|

Мәскеу. 23 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Юта штатынан сайланған республикалық сенатор Майк Ли әлеуметтік желідегі (X платформасындағы) ресми парақшасында Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл қызметінен кетті деген жалған хатты жариялады.

CNBC хабарлауынша, «Президентке» бағытталған бұл хат, болжам бойынша, жасанды интеллект көмегімен жасалған. Құжатта ресми стильге тән емесмәтін пішімі, ағылшын тіліне жат таңбалар, сондай-ақ Федералдық резервтің мөріндегі түсініксіз символдар болғаны анықталған.

Хатта Пауэллдің 22 шілдеде Федералдық резерв жүйе төрағасы лауазымынан өз еркімен кету туралы шешім қабылдағаны айтылған.

Сенатор бұл жазбаны өзінің расталған ресми парақшасында «Пауэлл қызметінен кетті!» деген жазумен және эмодзи белгілерімен бірге жариялаған. Кейінірек бұл жазба өшірілді.

CNBC тілшілері сенатордың кеңсесінен түсініктеме сұрағанымен, еш жауапала алмаған. Ал Федералдық резерв жүйесінің баспасөз хатшысы жалған хатқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Бұл жалған ақпарат АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд ТрамптыңДжером Пауэллге қатысты сындары үдеген кезеңде жарияланған. Трамп ФРЖ басшысын негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетуден бас тартқаны үшінжиі сынаған болатын. Пауэллдің өкілеттік мерзімі 2025 жылдың мамырында аяқталады, алайда бірқатар ақпарат құралдары Трамптың оны мерзімінен бұрын қызметінен кетіруге тырысуы мүмкін екенін жазған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.