Евразия24Жаңалықтар2025 жылы Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 30 млрд теңгебөлінеді

2025 жылы Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 30 млрд теңгебөлінеді

|

|

АСТАНА. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан Үкіметі биылғы жылы геологиялық барлау жұмыстарына 30 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Геологиялық барлау ауқымын ұлғайту мақсатында биылдан бастап қаржыландыруды айтарлықтай арттырамыз. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондардан түсетін қол қою бонусын геология саласына бағыттау туралы шешім қабылданды. Аталған қаражат көлемі биыл кемінде 30 млрд теңгені құрайды», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, бұл соманы одан әрі ұлғайту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүргізілуде.

Бұған дейін, маусым айында, ҚР Индустрия және құрылыс вице-министріИран Шархан елімізде геологиялық барлау аумағын 2026 жылға дейін 1,9 млн шаршы шақырымнан 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Ал өткен жылдың желтоқсанында Премьер-министр Олжас Бектенов геологиялық барлауға мемлекеттік қолдауды күшейтуді Үкіметке тапсырған болатын.

22 шілдедегі ресми валюта бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 529,44 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...