Евразия24Жаңалықтар2025 жылы Қазақстанда құны 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылады

2025 жылы Қазақстанда құны 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылады

|

|

АСТАНА. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2025 жылы елімізде жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 190 өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және құрылыс вице-министріОлжас Сапарбеков Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы өнеркәсіп саласында 190 жобаны іске қосу көзделген, олардың жалпы құны – 1,6 трлн теңге. Бұл шамамен 23 мың тұрақты жұмысорнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде тау-кен-металлургия саласында 444 млрд теңгеге 28 жобаны жүзеге асыру көзделуде, бұл бағытта 6,5 мыңжұмыс орны құрылады», – деді вице-министр.

Сапарбековтің айтуынша, Қарағанды облысында тік жікті құбырлар мен алюминий радиаторларын, Түркістан облысында алюминий профильдерін, Ақмола облысында алюминий бұйымдарын өндіру жобалары іске қосылады. Сондай-ақ Павлодар облысында ферросплав, Жамбыл облысында катодтымыс өндірісі жобалары жүзеге асырылады.

«Саланы тиімді, қауіпсіз және экологиялық талаптарға сай ету мақсатында өндірістік үдерістерді технологиялық жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай жаңа қуаттарды іске қосу жоспарланған», – деп атап өтті Олжас Сапарбеков.

Вице-министрдің дерегінше, тау-кен-металлургия кешенінің елдің ЖІӨ-дегіүлесі – 8%, ал саладағы өнім көлемі – 14 трлн теңгеден асады. Бұл бағытташамамен 224 мың адам жұмыспен қамтылған.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша салаға 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Еңбек өнімділігі 9,4%-ға өсіп, бір жұмысшыға шаққанда $102 мыңды құрады», – деді Сапарбеков.

22 шілдедегі ресми валюта бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 529,44 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Жапонияға арналған Tomahawk зымырандарын жеткізуді уақытша тоқтатты

АҚШ Жапонияға жүздеген Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізуді белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы The Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ пен Иран атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуы мүмкін

Жақын арада АҚШ пен Иран қол қоюы мүмкін меморандум атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуды көздейді. Бұл туралы Axios порталы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Иран Ормуз бұғазындағы бақылаудан бас тартпайды

АҚШ-пен уақытша келісім аясында Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелер қозғалысын қалпына келтіруге дайын, алайда бұғазға бақылаудан бас тартпайды. Бұл туралы Tasnim агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ әскері Таяу Шығыстан Иранмен түпкілікті келісім жасалғаннан кейін ғана шығарылады

Соңғы айларда Таяу Шығысқа орналастырылған америкалық әскерилер АҚШ пен Иран арасында түпкілікті келісімге қол жеткізілген жағдайда ғана өңірден шығарылады. Бұл туралы Axios порталы ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.