Евразия24Жаңалықтар2026 жылға дейін әлемде миллиондаған бала мектепке бара алмай қалуы мүмкін

2026 жылға дейін әлемде миллиондаған бала мектепке бара алмай қалуы мүмкін

|

|

Париж. 3 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жүргізген зерттеуге сәйкес, бірқатар елдер тарапынан білім беру саласына бөлінетін қаражаттың қысқаруына байланысты 2026 жылдың соңына қарай мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балалардың саны тағы 6 миллионға артуы ықтимал.

«Қаржыландырудың айтарлықтай қысқаруына байланысты біздің болжамымызша, алдағы екі жыл ішінде тағы 6 миллион бала мектепте білім алуға қол жеткізе алмайды», – делінген халықаралық ұйымның баспасөз хабарламасында.

ЮНИСЕФ деректеріне сәйкес, шамамен бір жылдан кейін бүкіл әлемде мектепке бармайтын балалардың саны 278 миллионға жетуі мүмкін.

Білім беру саласын қаржыландырудың төмендеуінен ең қатты зардап шегетін – Батыс және Орталық Африка елдері.

Осыған байланысты ЮНИСЕФ донор елдерді және халықаралық серіктестерді білім беруге арналған көмекті әділетті әрі тиімді бөлуге шақырды. Атап айтқанда, ең аз дамыған елдерге бөлінетін көмектің кемінде 50%-ын бағыттау қажеттігі айтылды.

Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, бұған дейін АҚШ, Германия және Франция билігі ресми даму көмегі (ODA) аясында білім беру саласына бөлінетін қаржыны қысқарту жоспарларын мәлімдеген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...