Евразия24Жаңалықтар«Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы

«Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы

|

|

Астана. 3 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы Қазақстаннан сирек жер металдарын (СЖМ) экспорттау ісін қатаң бақылауға алуды ұсынды.

«Қазақстан сирек жер металдарының ең ірі қорына ие мемлекеттердің бірі. Мұнай-газ секторындағы өнімді бөлу туралы келісімдерге қатысты сын-пікірлер көбейіп жатқан тұста, бұл ресурстарды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе», – деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Ноғаспаевтың атына жолданған депутаттық сауалды оқи отырып.

Ол бұған дейін фракцияның қымбат және сирек металдардың басқа шикізат түрі ретінде немесе концентрат түрінде бақылаусыз экспортталып жатқаны туралы сауал жолдағанын еске салды.

«Ол кезде “Қазақмыс” корпорациясы экспортталатын шикізаттың толық химиялық сараптамасы халықаралық деңгейдегі аккредиттелген зертханаларда жүргізілетінін айтып, компанияның заң талаптарын толық орындап отырғанын мәлімдеген. Министрлік те өз жауабында экспортқа рұқсат алу үшін тапсырыс берушінің зертханалық талдау құжаттарын ұсынуы жеткілікті екенін көрсеткен», – деді Перуашев.

Алайда, оның айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша металдарды кіргізу мен шығаруға қатысты бақылау – уәкілетті мемлекеттік органның құзыретінде. Алайда министрліктің жауабынан бұл бақылау зертханаларға тапсырылғаны байқалады, ал мемлекеттік орган тек құжаттармен шектеледі, олардың дұрыстығына нақты тексеру жүргізбейді.

«Яғни, тәуелсіз немесе мемлекеттік зертханалар арқылы мәліметтердің нақтылығын тексеру механизмі мүлде қолданылмайды. Мұндай тәжірибе мүдделер қайшылығын туғызып, қоғамда сенімсіздік тудыруы мүмкін», – деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, елімізге ірі жер қойнауын пайдаланушылардан бөлек, жаңа инвесторлар да келіп жатыр. Мәселен, тек 19 қыркүйекте ғана мемлекет шамамен 40 кен орнын сатуды жоспарлап отыр. Қарапайым лицензиялау тетігі аясында 3 200-ден астам лицензия берілген, олардың арасында шетелдік компаниялар да аз емес. Бірақ олардың бәрі ұлттық мүддені сақтайды деп нақты айтуға болмайды.

«Осыған байланысты фракция мүдделер қайшылығын болдырмау және экспортқа шығарылатын кендер мен концентраттардың нақты құрамын бақылау мақсатында тәуелсіз аккредиттелген зертханалармен жұмыс жүргізуді ұсынады. Бұл зертханалар жер қойнауын пайдаланушылармен шарттық қатынаста болмауы тиіс. Қажет болған жағдайда мемлекеттік бақылау органдары жанынан арнайы мемлекеттік зертханалар құру мәселесін де қарастыру керек», – деді Перуашев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.