Евразия24ЖаңалықтарТоқаев оқырман ұлт қалыптастыру туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев оқырман ұлт қалыптастыру туралы жарлыққа қол қойды

|

|

Астана. 16 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы сенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайтуға, оқу мәдениетін білім беру мен ағартудың негізгі элементі ретінде насихаттауға, оқырман ұлт қалыптастыруға жағдай жасауға, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге бағытталған.

Жарлыққа сәйкес мәдениет, білім беру және инновация салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары айқындалды. Атап айтқанда, оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру, заманауи кітап оқу инфрақұрылымын дамыту, жаңа форматтағы кітапханалар мен цифрлық технологиялар кең қолданылатын қоғамдық кеңістіктер ашу көзделген.

Сонымен қатар жас ұрпақты Қазақстан Конституциясының негізгі қағидаттары рухында тәрбиелеуге ықпал ететін отандық жазушылар мен ақындарды қолдау, кітап шығарушылар мен таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметін ынталандыру және ұлттық әдеби мұраны ел ішінде әрі шетелде насихаттау қарастырылған.

Үкіметке халықтың түрлі топтары, соның ішінде балалар мен жастар арасында тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру, оқу инфрақұрылымын жаңғырту тапсырылды. Сондай-ақ жаңа үлгідегі кітапханалар мен көпфункциялы қоғамдық кеңістіктер ашып, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистерді енгізу міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек, үкімет ұлттық әдеби мұраны сапалы аудару, басып шығару және кең оқырман аудиториясына тарату арқылы ел ішінде және шетелде насихаттауы тиіс.

Жарлыққа сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру басталады.

Сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін жасанды интеллект дамуы жағдайындағы оқу мәдениеті мен кітап ісін насихаттаудың 2027–2031 жылдарға арналған «Оқырман ұлт» тұжырымдамасын бекіту тапсырылды.

Президент 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуді, оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктер үшін ұлттық сыйлық тағайындауды және бірыңғай қолжетімділігі бар ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құруды тапсырды.

«Оқырман ұлт» тұжырымдамасының орындалу барысы туралы есеп жыл сайын Президент әкімшілігіне ұсынылып отырады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Си Цзиньпинге сел салдарынан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сицзан автономиялық ауданында болған жойқын селдің ауыр зардаптарына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Финляндияда Eagle S танкеріне қатысты сот ісі қайта қаралады

Финляндияда 2024 жылғы желтоқсанда Фин шығанағындағы суасты кабельдерін зақымдады деген күдікке ілінген Eagle S танкеріне қатысты сот ісі қайта жалғасады. Кеме сол кезде Ресейден шыққан мұнай өнімдерін тасымалдаған.

Босния сербтері армиясының бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич өмірден өтті

Босния сербтері армиясын басқарған Ратко Младич 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы бейсенбі күні Сербияның РТС телеарнасы хабарлады.

Вучич NIS мәселесі бойынша келіссөздер қыркүйекте аяқталуы мүмкін деп үміттенеді

Сербия президенті Александр Вучич сербиялық NIS мұнай компаниясының алдағы тағдырына қатысты келіссөздердің нәтижелі аяқталатынына үміт білдірді.