Евразия24ЖаңалықтарCENTCOM: Иранға қатысы бар 78 кеме ұсталды

CENTCOM: Иранға қатысы бар 78 кеме ұсталды

|

|

Вашингтон. 16 мамыр. ИНТЕРФАКС — Теңіз блокадасы басталғалы бері АҚШ әскери-теңіз күштері Иранмен байланысты 78 коммерциялық кемені ұстады. Бұл туралы сенбі күні АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

«16 мамырдағы жағдай бойынша блокада режимін қамтамасыз ету мақсатында 78 коммерциялық кеме бағытын өзгертуге мәжбүр болды, ал төртеуі істен шығарылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін қолбасшылық 75 кеменің ұсталғанын хабарлаған болатын.

CENTCOM мәліметінше, қазіргі уақытта Иранға қарсы теңіз блокадасын Араб теңізінде кезекшілік атқарып жүрген АҚШ-тың 20-дан астам әскери кемесі қамтамасыз етіп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.