Евразия24ЖаңалықтарАлматыда Ядролық физика институтының базасында зерттеу реакторын құру мүмкіндігі қарастырылады

Алматыда Ядролық физика институтының базасында зерттеу реакторын құру мүмкіндігі қарастырылады

|

|

АСТАНА. 26 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Ядролық физика институтының базасында көпсалалы зерттеу реакторын салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Алматыдағы Ядролық физика институтының базасында көпсалалы зерттеу реакторын құру мәселесін қарастыру қажет. Институттың ғылыми әлеуетін ескерсек, ол еліміздегі жаңа ғылым ордасының (наукоград) өзегіне айнала алады. Алайда мұндай жобаларды жоспарлау кезінде мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктері ескеріліп, миллиардтаған теңгеге бағаланатын бастамаларға жеңіл қарауға болмайды. Бұл қағида басқа да осындай ірі жобаларға қатысты», – деді Мемлекет басшысы Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Президент Абай облысында атом электр станциясының құрылысын салу жоспарларына байланысты Курчатов қаласында болашақ ғылым қалашығын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

«Курчатовта инженерлік және өндірістік нысандарды орналастыруға қолайлы жағдай жасау қажет. Ядролық инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тиімді қолдану – басты міндеттердің бірі», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен бірге техникалық бағыттар бойынша докторантураға бөлінетін гранттар санын көбейту қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда “Болашақ” бағдарламасы бойынша бөлінетін стипендиялардың шамамен 70%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға тиесілі. Өткен жылы жасанды интеллект саласына жыл сайын 50-ден астам стипендия бөлу туралы шешім қабылданды. 2026 жылдан бастап атом саласына мамандар даярлау үшін жыл сайын 20 грант бөлінетін болады», – деді Президент.

Айта кетейік, 2025 жылдың 14 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ғылым қалаларын (наукоградтарды) дамытуға арналған арнайы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сол кезде Президент осындай қалалардың бірі Курчатовта, екіншісі Алматы маңында құрылуы мүмкін екенін айтқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.