Евразия24ЖаңалықтарАҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

АҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

|

|

Вашингтон. 5 сәуір. ИНТЕРФАКС — АҚШ арнайы жасағы Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы барысында ирандық күштермен қақтығысқа түсті. Бұл туралы CBS News ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, операция Иран атып түсірген F-15E жойғыш ұшағының экипаж мүшесін алып шығуға бағытталған. Арнайы жасақ жоғалған ұшқышты күрделі операция кезінде тапқан. Оған арнайы бөлімнің ондаған сарбазы, сондай-ақ бірнеше әскери ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған.

Қақтығыс барысында ұшқыш жасырынған жерге ирандық күштердің жақындауына жол бермеу үшін әуеден соққылар жасалып, атыс қаруы қолданылған. Ұшқышта тек өзін қорғауға арналған тапанша болған.

Дереккөздердің айтуынша, құтқару тобын жеткізген екі көлік ұшағы Иран аумағынан ұшып шыға алмаған. Олар қарсы тараптың қолына түспеуі үшін жойылған. Кейін арнайы жасақ қосымша жіберілген үш ұшақпен эвакуацияланған.

Операция түн ортасына қарай аяқталып, америкалық әскери қызметшілер жараланған ұшқышпен бірге Иран әуе кеңістігінен шығып, Кувейтке бет алған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль бір тәулікте Ирандағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, Израиль әуе күштері бір тәулік ішінде Иран аумағындағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы берген.

Израильде палестиналықтарға қатысты өлім жазасы туралы заң қабылданды

Amnesty International және Human Rights Watch сынды халықаралық ұйымдар ондаған жылдар бойы өлім жазасын адамның негізгі құқықтарын, ең алдымен өмір сүру құқығын бұзу деп тану бағытында жаһандық науқандар жүргізіп келеді. Құқық қорғаушылар мен халықаралық құрылымдар өлім жазасын қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және түзетілмейтін жаза түрі ретінде қарастырып, оны жоюды немесе жеңілдетуді жақтайды. Соған қарамастан, Израиль мемлекеті бұл мәселеде қарама-қайшы бағыт ұстанып отыр. 30-нан 31 наурызға қараған түні Кнессет терроризм үшін, атап айтқанда, Израиль азаматтарын қасақана өлтіргені үшін сотталғандарға өлім жазасын қолдану туралы заң қабылдады. Құжатты 62 депутат қолдап, 48-і қарсы дауыс берді.

Иранға қарсы операция барысында жараланған америкалық әскери қызметшілер саны 365-ке жетті

Иранға қарсы әскери іс-қимылдар басталғалы бері кемінде 365 америкалық әскери қызметші жарақат алған. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Atlas 5 зымыраны Amazon компаниясының жаңа интернет-спутниктерін орбитаға шығарды

АҚШ-тың Atlas 5 зымыран-тасығышы Amazon компаниясына тиесілі 29 интернет-спутникті орбитаға сәтті жеткізді.