Евразия24ЖаңалықтарАҚШ өкілі: Украинаға көмектің ауыртпалығы Еуропаға жүктелуі тиіс

АҚШ өкілі: Украинаға көмектің ауыртпалығы Еуропаға жүктелуі тиіс

|

|

Минск, 10 шілде. ИНТЕРФАКС. Украинаға көрсетілетін қолдаудың негізг іауыртпалығын Еуропа көтеруге тиіс. Мұндай пікірді АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер бейсенбі күні Newsmax телеарнасына берген сұхбатында білдірді.

«Еуропалық одақтастар Украинаға қолдаудың басым бөлігін өз мойнына алуы керек», — деді Уитакер. Оның айтуынша, «НАТО-ның соңғы саммитінен кейін Еуропа бұл мәселеге анағұрлым ашық әрі байыппен қарай бастады».

Уитакердің сөзінше, НАТО елдері Еуропа құрлығындағы дәстүрлі қорғанысты қамтамасыз етуге және Украинаға қару жеткізу ісінде де үлкен жауапкершілік алуға дайын екенін көрсеткен.

АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ жеткізуін уақытша тоқтатуына қатысты пікір білдірген дипломат, бұл мәселеде түпкілікті шешімді президент Дональд Трамп қабылдайтынын атап өтті. «Президенттің бұл жөнінде тоқтату, жалғастыру немесе көлемін арттыру құқығы бар», — деді ол.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...