Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Жапония арасындағы сауда келісіміне байланысты Еуропа қор нарығы айтарлықтай өсті

АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келісіміне байланысты Еуропа қор нарығы айтарлықтай өсті

|

|

МӘСКЕУ. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келісіміне қатысты жағымды жаңалықтар аясында Батыс Еуропаның ірі қор индекстері сәрсенбі күні сауда сессиясының алғашқы жартысында өсім көрсетті.

Stoxx Europe 600 кеңейтілген индексі 11:59 мск жағдайында 1,26%-ға көтеріліп, 551,18 тармақты құрады.

Басқа ұлттық индекстер де оң динамика көрсетті: Ұлыбританияның FTSE 100 – 0,52%-ға, Германияның DAX – 0,99%-ға, Францияның CAC 40 – 1,59%-ға, Италияның FTSE MIB – 1,77%-ға, ал Испанияның IBEX 35 индексі – 0,95%-ға өсті.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Жапониямен қол жеткізілген жаңа сауда келісімі аясында Токио америкалық экономикаға 550 миллиард доллар инвестиция салмақ. Сонымен қатар, Америка тарапыЖапонияға автокөлік, күріш және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды. Импорттық баж салығы 15% көлемінде белгіленеді. Бұғандейін Трамп тарифті 25% деңгейінде енгізуді жоспарлаған еді.

Нарық қатысушылары енді осындай келісімді Еуропалық одақ та жасасады деп үміттенуде. Алайда келіссөздердің күрделі өтіп жатқаны байқалады. БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, егер келісім жүзеге аспайтын болса, ЕО тарапынан қарсы шаралар қабылдануы мүмкін.

Сонымен қатар, инвесторлар ірі еуропалық компаниялардың есептерін жіті бақылауда.

Stoxx Europe 600 индексінде ең жоғары өсім Temenos компаниясына тиесілі. Қаржылық секторға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеуші екінші тоқсанда табысын 11%-ға арттырып, 791 миллион долларға жеткізген. EBIT көрсеткіші 28%-ға өсіп, 115,7 миллион долларды құрады. Компания 2025 жылға арналған болжамын жаңартып, операциялық табыстың 9%-дан кем болмайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде Temenos акциялары 20%-ғақымбаттады.

Керісінше, ең көп құлдырауды нидерландтық ASM International компаниясы көрсетті. Жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған жабдық шығаратын бұл компанияның тоқсандық есебі сарапшылар күткен деңгейден төмен болды. Оның акциялары 8,7%-ға арзандады.

SAP SE қағаздары 3,5%-ға төмендеді. Кәсіпорындарды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ірі жеткізушісі екінші тоқсанда кірісті 9%-ға арттырғанымен, жылдық болжамын қайта қарамағаны инвесторлардың көңілінен шықпады.

Норвегиялық мұнай-газ компаниясы Equinor ASA-ның акциялары 1%-ға төмендеді. Компания екінші тоқсанда таза пайдасын 30%-ға қысқартқанымен, өндіріс көлемін 2%-ға ұлғайтты.

Испаниялық Iberdrola компаниясы жаңа институционалдық инвесторлардан 5 миллиард еуро көлемінде капитал тартатынын жариялағаннан кейін, оның акциялары 0,9%-ға өсті.

Францияның Alstom SA концерні теміржол техникасы нарығындағы табысын2,8%-ға арттырса, жаңа тапсырыстар көлемі 12%-ға ұлғайған. Компания акциялары 4,7%-ға өсті.

Nokia компаниясы ағымдағы жылға арналған операциялық пайда болжамын бұрынғы 1,9–2,4 млрд еуродан 1,6–2,1 млрд еуроға дейін төмендеткеннен кейін, оның акциялары 7%-ға жуық арзандады.

Италиялық UniCredit банкі екінші тоқсан қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетіп, жылдық қаржылық болжамын жақсартты. Бұл жаңалық банк акцияларының 4,2%-ға өсуіне себеп болды.

Франкфурт биржасында автокөлік секторындағы өсім ерекше байқалды: Porsche акциялары 7,7%-ға, Daimler Truck – 6,6%-ға, Volkswagen мен Mercedes-Benz Group – 6,1%-ға, BMW – 5,1%-ға қымбаттады.

Парижде де оң динамика тіркелді: Stellantis қағаздары 6,7%-ға, Renault – 3,8%-ға өсті. Ал Kering және LVMH секілді люкс өнім өндірушілердің акциялары тиісінше 3,8% және 2,7%-ға көтерілді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан жаһандық су ұйымын құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ел су ресурстары саласындағы жаһандық мәселелерді жүйелі шешу үшін халықаралық су ұйымын құруды ұсынады.

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6%-дан асады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6%-дан асады.

Ашхабадта Бейбітшілік пен сенімнің халықаралық жылына арналған форум өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтетін форумға қатысады. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Бейбітшілік пен сенімнің халықаралық жылына, Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесінің 30 жылдығына және Бейтараптықтың халықаралық күніне арналады.

Тоқаев Аралды құтқару қорына Ресейдің қосылуын ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтіп, бұл үдерісте Ресей Федерациясын байқаушы ретінде тарту орынды болатынын мәлімдеді.