Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Корея Қазақстан Президентін ресми сапармен күтуде

Оңтүстік Корея Қазақстан Президентін ресми сапармен күтуде

|

|

Астана. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеул қаласына ресми сапармен келуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сәрсенбі күні таратылған ақпаратта: «Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіккореялық көшбасшының шақыртуын ризашылықпен қабылдады. Сонымен қатар, ол 2026 жылы Сеулде өтетін “Орталық Азия – Корея Республикасы” форматындағы алдағы саммитке қатысуға дайын екенін растады», – делінген.

Телефон арқылы өткен әңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстанмен Корея арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екені нақтылады.

«Тараптар екі жақты серіктестіктің кең ауқымды бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылық білдірді. Өнеркәсіп, энергетика, автокөлік құрастыру, білім және медицина салаларындағы ағымдағы және болашақ жобаларды тиімді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді», – деп көрсетілген хабарламада.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.