Евразия24ЖаңалықтарЖапония АҚШ-қа 550 млрд доллар инвестиция салмақ

Жапония АҚШ-қа 550 млрд доллар инвестиция салмақ

|

|

ВАШИНГТОН. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ пен Жапония жаңа экономикалық келісімге келді. Бұл жөнінде Америка Президенті Дональд Трамп The Truth Social желісіндегі жазбасында хабарлады.

Оның айтуынша, Токио америкалық экономикаға 550 миллиард доллар көлемінде қаржы құюға келіскен. «Бұл – ауқымды келісім. Инвестициядан түсетін табыстың 90 пайызы АҚШ-қа тиесілі болады», – деп жазды Трамп.

Келісім аясында АҚШ Жапонияға көлік құралдарын, күріш және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді бастайды. Сонымен қатар, Токио Америка нарығына өз тауарларын 15 пайыздық баж салығымен енгізетін болады.

Бұл ақпаратты Жапония тарапы да растады. Ел премьер-министрі кеңсесінің жоғары лауазымды өкілі NHK телеарнасына берген сұхбатында келісімді«ұзақ әрі күрделі келіссөздердің нәтижесі» деп атады.

«Президент Трамптың жариялаған ақпараты шындыққа сәйкес келеді. Бұл – экономиканы қалпына келтіру жөніндегі министр Рёсэй Акадзаваның қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді шенеунік.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Жапониядан әкелінетін барлық тауарларға 25 пайыз көлемінде кедендік тариф енгізілетінін мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.