Евразия24ЖаңалықтарАҚШ президенті Үндістаннан келетін тауарларға 25%-ға дейін баж салығы енгізілуі мүмкін екенін...

АҚШ президенті Үндістаннан келетін тауарларға 25%-ға дейін баж салығы енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді

|

|

Вашингтон. 30 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасындағы сауда келісімі жасалмаған жағдайда, Үндістаннан импортталатын өнімдерге 25%-ға дейін кедендік баж салығы енгізілетінін хабарлады.

Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Шотландияға сапарынан кейін Вашингтонға оралу барысында президенттік ұшақ бортында жасаған.

«Үндістан – біз үшін маңызды серіктес. Алайда бұл елдің тарифтері әлемдегі басқа мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды», – деді Трамп.

CNN телеарнасы хабарлағандай, АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грир осы аптада CNBC арнасына берген сұхбатында Үндістанмен сауда келісіміне қол жеткізу үшін қосымша келіссөздер қажет болатынын мәлімдеген. Оның айтуынша, тараптар нарықты ашу мәселесінде қызығушылық танытқанымен, келіссөздерді жалғастыру керек.

«Үндістан тарапы нарығының кейбір сегменттерін ашуға ниет білдіріп отыр. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Алайда келісімге келу үшін тағы бірнеше раунд келіссөз қажет», – деді ол.

АҚШ Сауда министрлігінің деректері бойынша, 2023 жылы Америка Құрама Штаттары Үндістаннан 87 миллиард доллар көлемінде тауар импорттаса, Үндістан АҚШ-тан 42 миллиард доллардың өнімін сатып алған. Импортталған негізгі тауарлардың қатарында фармацевтикалық өнімдер, телекоммуникациялық жабдықтар мен тоқыма бұйымдары бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ердоған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жақын арада реттелетініне үміт білдірді

Стамбул. 13 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Түркия Президенті Режеп Тайып...

Чехия Украинаға қаржылай көмек көрсетуге қатыспайды

Прага. 13 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Чехия Украинаға қаржы бөлуге...

Таиланд әскері Камбоджамен шекарада операцияларын жалғастырады

Дубай. 13 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Таиланд Премьер-министрі Анутхин Чанвиракун...