Евразия24ЖаңалықтарАҚШ сенаторлары: «Путин экономикалық жауап береді»

АҚШ сенаторлары: «Путин экономикалық жауап береді»

|

|

Вашингтон, 9 шілде. ИНТЕРФАКС Сенатор-демократ Ричард Блюментальмен сенатор Роджер Маршалл Ресейге қарсы санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қабылдауды талап етуде. Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлады.

Бастамашылар қатарында сенатор-демократ Ричард Блюменталь мен сенаторРоджер Маршалл бар. Блюментальдің айтуынша, бұл заң жобасы Ресей басшылығына бағытталған айқын әрі қатаң ескерту болмақ.

Блюменталь санкциялар туралы заң жобасын телеарнаға жариялай отырып: «Бұл Владимир Путинге өте қатқыл әрі ауыр ескерту болмақ: АҚШ Украинаны қолдайды, және сіз бұл үшін экономикалық жауап бересіз», – деді.

Оның мәлімдеуінше, заң жобасы жақын арада Сенатта дауысқа салынады.

Заң жобасының екінші авторы, республикашыл Роджер Маршалл да Ресейге қарсы санкцияларды енгізу қажеттілігін бұрыннан қолдап келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, сенаторлар бұған дейін Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасын қолдауы мүмкін екенін мәлімдеген АҚШ президенті Дональд Трамптың позициясын басшылыққа алуы қажет екенін атап өтті.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.