Евразия24ЖаңалықтарКаспий мен Балқаш құрғап барады: Тоқаев нақты қадамдар ұсынды

Каспий мен Балқаш құрғап барады: Тоқаев нақты қадамдар ұсынды

|

|

Тоқаев: Каспий мен Балқашты қорғау үшін нақты шаралар қажет

Астана, 9 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі мен Балқаш көлі, сондай-ақ өзге де су көздерін сақтау бағытында нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.

«Су – экономиканың, экологияның, ұлт денсаулығы мен жалпы өмірдің барлық саласының маңызды факторы. Сондықтан да оның таза әрі қолжетімді болуы – аса маңызды. Көп жылдан бері елімізде Кіші Аралдықұтқару жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде теңіз біртіндеп қайта оралып, су айдыны толыға бастады. Енді Каспий теңізі мен Балқаш көлін және басқа да су көздерін сақтау үшін нақты шаралар қабылдау қажет», – деді Мемлекет басшысы сәрсенбі күні Астанада су шаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесуде.

Президент суды ұқыпты пайдаланудың маңызын айта келіп, оның орны толмас ресурс екенін атап өтті.

«Суға ұқыпты қарау – тұрақты болашаққа бастайтын жол. Ал бейберекет және бақылаусыз пайдалану өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін», – деп ескертті Тоқаев.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.