Евразия24ЖаңалықтарАуғанстан мен Пәкістан делегациялары Стамбулда екі ел арасындағы дағдарысты реттеу жолдарын талқылауда

Ауғанстан мен Пәкістан делегациялары Стамбулда екі ел арасындағы дағдарысты реттеу жолдарын талқылауда

|

|

Мадрид. 25 қазан. ИНТЕРФАКС.
Ауғанстан мен Пәкістан билігінің өкілдері сенбі күні Стамбулда кездесіп, екі ел арасындағы шекаралық дағдарысты еңсеру және 19 қазанда Дохада келісілген атысты тоқтату режимін сақтау мүмкіндіктерін талқылап жатыр.

ЭФЭ агенттігінің хабарлауынша, ауған делегациясына Ауғанстан ішкі істер министрінің орынбасары Хаджи Наджиб жетекшілік етеді. Пәкістан тарапы өз делегациясының құрамын әзірге жариялаған жоқ.

Бұған дейін қазан айында Ауғанстан билігі Пәкістанның бірнеше әскери бақылау бекеттеріне соққы жасап, ауған аумағы мен әуе кеңістігінің бірнеше рет бұзылуына жауап ретінде 58 пәкістандық әскериді өлтіргенін мәлімдеген еді.

Ал Пәкістан армиясы өз шығындарының аз болғанын айтып, 23 сарбаздың қаза тапқанын, сондай-ақ шекара бойындағы жауап оты нәтижесінде “Талибан” мен онымен байланысы бар 200-ден астам содырдың көзін жойғандарын хабарлады.

Пәкістан бұрын да Ауғанстан аумағына әуе және артиллериялық соққылар жасаған. Ресми Исламабад олардың нысанасы Пәкістан талибтері қозғалысының (Tehrik-e-Taliban Pakistan – ТТП, РФ-да тыйым салынған) базалары және Белуджстанды азат ету армиясы тобы болды деп мәлімдейді.

Өз кезегінде Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарып, өз аумағын үшінші елдерге қарсы қолдануға жол бермейтінін алға тартады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...