Евразия24ЖаңалықтарБельгия шамамен 200 әскери қызметкерін Литваға жібереді

Бельгия шамамен 200 әскери қызметкерін Литваға жібереді

|

|

Брюссель, 16 шілде – Бельгия шілде айының соңында Литва аумағына шамамен 200 әскери қызметкерін орналастыруды жоспарлап отыр. Бұлтуралы елдің қорғаныс министрі Тео Франкен Федералдық парламенттің Өкілдер палатасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, миссия НАТО-ның шығыс қапталын қорғау жөніндегі Forward Land Forces операциясы аясында жүзеге асады. Қорғаныс бастамасы«Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерге қарсы тұру» мақсатымен іске қосылған.

RTBF телеарнасының хабарлауынша, миссияны жүзеге асыру туралы шешімді Бельгия министрлер кеңесі жұма күні ресми түрде бекітеді депкүтілуде.

Бельгиялық әскери бөлімше Литвада 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қызмет етеді. Құрамында шамамен 100 адамнан тұратын барлау эскадроны, 70 әскери қызметші бар артиллериялық топ, сондай-ақ шамамен 10 штаб офицері мен қолдау көрсететін бөлімшеден 10-ға жуық маман болады. Олар логистика, медициналық қызмет пен әскери полицияны қамтамасыз етеді.

«БұлСолтүстік Атлантикалық одақ аясындағы жауапкершілікке дайын екенімізді және әріптестерімізбен саяси-әскери ынтымақтастығымызды айқын көрсететін шешім», — деді Тео Франкен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі қазіргі келіссөздер күтілгеннен нәтижелі болуы мүмкін

Қазіргі кезеңде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер көпшілік күткендегіден анағұрлым нәтижелі болуы ықтимал

Египет пен Түркия байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріп, қару-жарақ өндірісі мен барлау саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

Египет пен Түркия өзара қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді, қару-жарақты бірлесіп өндіруді және барлау деректерімен алмасуды көздеп отыр