Евразия24ЖаңалықтарБолгария парламенті президент вето қойған «ЛУКОЙЛ» активтеріне қатысты инвестициялық заң жобасын қабылдады

Болгария парламенті президент вето қойған «ЛУКОЙЛ» активтеріне қатысты инвестициялық заң жобасын қабылдады

|

|

София. 6 қараша. ИНТЕРФАКС – Болгарияның парламенті ел президенті Румен Радевтің инвестициялар туралы заңға енгізілген түзетулерге қойған ветоcын еңсеріп, заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдады. Аталған түзетулер ресейлік «ЛУКОЙЛ» компаниясының активтеріне қатысты мәмілелерді Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігінің келісімі мен Министрлер кабинетінің шешімінен кейін ғана жүзеге асыруды қарастырады.

Болгария ұлттық телерадиокорпорациясының хабарлауынша, ветоны еңсеруге 125 депутат дауыс берсе, 74-і қарсы болды.

Бұған дейін президент Радев заң жобасын парламентке кері қайтарған еді. Онда «ЛУКОЙЛ» бақылауындағы төрт компанияға тиесілі жылжымайтын мүлікті, жекелеген жылжымалы мүліктерді, сондай-ақ акциялар мен жарғылық капиталдағы үлестерді иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер қарастырылған.

Радев өз шешімін түсіндіре отырып, ұсынылған түзетулер ел үкіметін Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік агенттігінің шешіміне тәуелді етіп қоятынын, бұл Болгария Конституциясына қайшы екенін алға тартты. Себебі бұл жағдайда атқарушы билік өз өкілеттіктерін толық көлемде жүзеге асыра алмай қалады.

«ЛУКОЙЛ» Болгариядағы жұмысын 1999 жылдың қазан айында бастады. Сол кезде компания қуаты жылына 8,8 млн тонна болатын Бургас мұнай өңдеу зауытының бақылау пакетін иеленген. Сондай-ақ ел аумағында 500-ден астам жанармай құю станциясын басқарады.

Соңғы үш жылда Еуроодақтың ресейлік мұнай импортына салған тыйымына байланысты «ЛУКОЙЛ»-дың Болгариядағы қызметі қиындыққа тап болды. Осыған байланысты компания елдегі өз қызметін қайта қарастырып, бизнесті сату туралы мәлімдеген. Дегенмен, қазіргі уақытта Бургас зауыты мен жанармай құю станциялары ресейлік компанияның меншігінде қалып отыр.

Айта кетейік, АҚШ Қаржы министрлігі биыл 15 қазанда «ЛУКОЙЛ»-ды санкциялық тізімге енгізіп, операцияларды тоқтату үшін 21 қарашаға дейінгі мерзімге лицензия берген. Осыдан кейін компания шетелдік активтерін сататынын жариялады. Кейінірек «ЛУКОЙЛ» өзінің шетелдік активтерін халықаралық Gunvor трейдерлік компаниясына сату туралы ұсынысты қабылдағаны белгілі болды. Мәміле шарттары келісіліп қойған, ал компания өз активтері бойынша өзге тараптармен келіссөз жүргізбеуге міндеттелді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...