Евразия24ЖаңалықтарCrew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанады

Crew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанады

|

|

ВАШИНГТОН. 31 шілде. ИНТЕРФАКС – SpaceX компаниясының қайта пайдалануға арналған Crew Dragon ғарыш кемесі құрамында “Роскосмос” ғарышкері Олег Платонов бар экипажбен бірге бейсенбі күні Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшады. Бұл жөнінде АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA хабарлады.

Crew-11 миссиясы аясында ғарыш сапарына Олег Платоновпен қатар АҚШ астронавттары Майкл Финк пен Зена Кардман және Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) атынан Кимия Юи қатысады.

Ғарыш кемесі Falcon 9 зымыран-тасығышының көмегімен Флорида штатындағы Канавералда орналасқан Кеннеди ғарыш орталығының 39А ұшыру алаңынан жергілікті уақыт бойынша 12:09-да (Астана уақытымен 22:09) ұшырылмақ.

Бұл миссия “Роскосмос” пен NASA арасындағы кросс-борттық ұшулар туралы келісім аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта ХҒС бортында жеті адамнан тұратын экипаж жұмыс істеуде. Олардың қатарында “Роскосмос” ғарышкерлері – Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий және Кирилл Песков, NASA астронавттары – Энн Макклейн, Николь Айерс пен Джонатан Ким, сондай-ақ Жапония астронавты Такуя Ониси бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.