Евразия24ЖаңалықтарДания еуропалық ПВО жүйесін сатып алуға 9 млрд доллардан астам қаражат бөлуді...

Дания еуропалық ПВО жүйесін сатып алуға 9 млрд доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр – Дания қорғаныс министрі

|

|

Брюссель. 12 қыркүйек. Интерфакс – Копенгаген Еуропа елдерінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) жүйелерін сатып алу үшін 9,11 миллиард доллар көлемінде қаражат жұмсамақ, деп мәлімдеді жұма күні Дания қорғаныс министрі Троельс Лунд Поульсен журналистерге.

«Қауіпсіздік саласындағы жағдайдың айтарлықтай қиын екендігіне еш күмән жоқ», — деді ол Батыс ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

БАҚ мәліметінше, Дания Италия мен Франция бірлесіп жасап шығарған сегіз SAMP/T әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенін және Норвегия, Германия немесе Франция өндірісіндегі орта қашықтықтағы ПВО жүйелерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, Дания қорғаныс сатып алулары мен логистикасы ұйымының жетекшісі Пер Пугхольм Олсеннің түсіндіруінше, еуропалық өндірістегі ПВО жүйелерін АҚШ-тың Patriot зениттік-зымыран кешендеріне қарағанда әлдеқайда жылдамырақ алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін, биылғы ақпан айында Дания билігі 2033 жылға дейін қорғаныс қажеттіліктеріне 17 миллиард доллар бөлу жоспары барын хабарлаған еді. «Дүниеде қауіп көп пе? Иә. Жақын арада бәрі шешіледі деуге себеп бар ма? Жоқ. Бас штаб басшысына берілген нұсқау біреу — үздіксіз сатып ал», – деген болатын Дания премьер-министрі Метте Фредериксен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...