Евразия24ЖаңалықтарЕАЭО-дағы төрағалық Қазақстанға өтті

ЕАЭО-дағы төрағалық Қазақстанға өтті

|

|

АСТАНА. 1 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) төрағалық ету міндеті Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына ресми түрде өтті.

Жоспарға сәйкес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 2026 жылғы 28–29 мамырда Астанада өтеді.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Одақтағы төрағалығы кезеңіндегі басым бағыттарын айқындаған болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қазақстанның 2026 жылғы төрағалығы аясында бес негізгі салаға басымдық беретінін мәлімдеді. Олар: жасанды интеллектті дамыту, Еуразиялық логистикалық хабты қалыптастыру, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, тосқауылсыз сауданы қамтамасыз ету, сауданың жаңа географиясын кеңейту.

Бұл бағыттар Одақ ішіндегі интеграцияны тереңдетуге және мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.